ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖАС ОФИЦЕРЛЕР БАЛЫ

16:37, 25 қараша 2021

Қарағандыда жас офицерлердің балы өтті. Ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура мен қарулы күштердің және ішкі істер департаментінің офицерлері ақ көйлек киген жұптарымен вальс биледі. Шара ел егемендігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды

Аталған балды Қарағанды облыстық жастар ресурстық орталығы 2009 жылдан бері өткізіп келеді. Мақсатымыз отан қорғаушылардың мәртебесін көтеру арқылы патриотизмді насихаттау дейді ұйымдастырушылар.

Аида ЫСҚАҚОВА, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:

-Бүгінгі балға 30 жұп қатысып жатыр. Бұл ел егемендігінің 30 жылдығының құрметіне солай ұйымдастырылды. Біз патриотизмді үлгі ету мақсатында офицерлерге, олардың мамандығына осындай шаралар арқылы құрмет көрсеткіміз келеді. Дәл солар мемлекеттің қауіпсіздігіне жауапты.

Диас Тәуірбеков офицерлер балына бірінші рет қатысып отыр. Жұбы - өзінің өмірлік жары. Әскери шені - лейтенант. Жасы 22-де.

Диас ТӘУІРБЕКОВ, 5516 әскери бөлімінде дене дайындығы және спорт бастығы:

-Мен үшін бұл шара өте қызықты. Өйткені басқа қорғаныс саласындағы әріптестерімізбен жүздесеміз, тілдесеміз. Ел егемендігінің қарсаңында өтіп жатқан шараға бәріміз атсалысамыз. Осы сәтті пайдаланып Қазақстан халқын тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын.

Офицерлер балына құрметті қонақтар қатысты. Патриоттық әндер шырқалып, егемендік тақырыбындағы қойылым да сахналанды.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...