ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ ЖОЛ ТАРТТЫ

12:50, 4 маусым 2021

Қарағанды тамақ және сервис колледжі республикалық «Жас маман»жобасына қатысады. Оқу орны зертханалық-практикалық сабақтарда өндірістік тәжірибені дамыту үшін жаңа құрылғымен қамтамасыз етілді

«Жас маман» жобасының мақсаты - 100 сұранысқа ие мамандық бойынша кадр  дайындау. Еліміздегі 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнының білім беру жүйесіне халықаралық тәжірибе енгізу. Биыл тамақ және сервис колледжінде тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы бойынша арнайы орталық  ашылды. Мамандардың айтуынша түлектері сұранысқа сай.  

Артур КИСЛЕР, диеттік асхананың меңгерушісі:

- Біз ұзақ жылдар бойы Қарағанды тамақтану және сервис колледжімен бірлесе жұмыс істеудеміз.Бұл бізге жұмыс күшін мен қамтуға  үлкен мүмкіндіктер  береді. Неліктен ынтымақтастық жасау бізге пайдалы? Себебі келешекте бұл колледждің студенттері кәсіби және жоғары білікті мамандар болып шығады.

Колледждегі  « Пицца пеші» тек оны әзірлеуге  ғана  емес, сонымен қатар нан пісіру үшін де қолданылады. Италияндық бұл құрылғының тиімділігі зор.  Мұнда тағам  350-400 градус ыстықта әзірленеді.

Өндіріс шеберханасы   заманауй жабдықтармен қамтамасыз етілген.Мұндағы электр пештері әртүрлі табаларда  тамақтың күйіп кетпеуі үшін қажет.Олар кез-келген температурада ас пісіруге арналған.   

 Абай ӘБСЕМЕТОВ, 4-ші курс студенті:

-Өте ыңғайлы пеш.Көпсалалы.Бұл жерде бу мен пісірунге де болады.Онымен ас мәзірін әзірлеу өте тиімді. 

Салтанат ШАЯХМЕТОВА, арнайы пәндер оқытушысы:

- Яғни, осы принтердің арқасында біз тортты кез-келген түрде жасай аламыз, Дәмі тіл үйіреді.Сондай-ақ, бірнеше тәтті-дәмді тағамдар әзірленеді.  

Асханада сондай-ақ, лезде қатыруға  арналған мұзатқыштқыштар бар. Олар 3D принтері арқылы жұмыс жасайды. 

Студенттерді наубайхана ісі бойынша оқыту қарастырылған. Олар нан-тоқаш өнімдеріңнің бірнеше түрін әзірлейді.

Әсел САПАРОВА, Қарағанды тамақ және сервис колледжінің директоры:

- "Жас маман" жобасы бойынша  халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жабдықтар сатып алынды, және де олар WorldSkills чемпионатының алаңдарында көруге болатын жабдықтар. Ұлттық және әлемдік деңгейде. Оқу процесіне келетін болсақ, осы оқу жылынан бастап Soprano group бағдарламалары негізінде жаңа оқу жүйесі  әзірленетін болады.

Биыл, колледжде алғаш рет WorldSkills біліктілік емтиханы өтеді. Жақсы нәтиже көрсеткендер шеберлік төлқұжатын алады.  Бұл аға аспаздар мен кондитерлер үшін өте тиімді дейді, мамандар     

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар