«ЖАС МАМАН» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

11:49, 6 сәуір 2021

Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде «Жас маман» инновациялар орталығы жұмысын бастады. Жоба шеңберінде еліміздің айтулы индустриялық кәсіпорындарымен кездесу ұйымдастырылды. Әлеуметтік серіктестерге орталықтың жұмысы таныстырылып, болашақ мамандар өндірісте жұмыс істеу мүмкіндіктерін көрсетті

«Жас маман» орталығы өндіріске қажетті заманауи қондырғылармен жабдықталған. Мұнда ІТ-технологиялар мен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мамандарды даярлауға қажетті заманауи құрылғылар бар. Жоба аясында Қарағанды жоғары колледжінің 3 және 4 курс студенттері болашақ мамандықтары бойынша өндірістегі қондырғылардың қыр-сырын жетік меңгереді.

Мүбарак ХАСЕНОВ, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің оқу ісі жөніндегі орынбасары:

- Мәселе «Жас маманның» бағдарламасы экономикамыздағы қазіргі жағдайда бар құрал-жабдықтарды алып және 2-3 жыл бұрын алдыға қарап алынған заттар.

Жас маман халықаралық акредитациядан сәтті өтсе, студенттерге дипломмен қоса аталған орталықтың сертификаты қосымша беріледі екен. Бұл дегеніңіз білім ошағының түлектері осы сертификат арқылы әлемнің кез келген жерінде жұмыссыз қалмайды.

Бұл тау-кен және құрылыс кафедрасы. Мұнда студенттер аса жоғары жылдамдықпен жұмыс істейтін қондырғылармен білімін шыңдайды. Станокпен керама тақталарды әртүрлі геометриялық фигураларда кесуге мүмкіндік береді. Ал мынау тас кескіш «Фуба» станогы кірпіш, тас сияқты аса қатты материалдарды біркелкі етіп кесіп шығарса керек.

Біржан БОЛАТБЕК,   студент:

-21 ғасыр технология және жылдамдық ғасыры.Яғни қазіргі уақытта біз осындай мобильді сынақтарды көп қолданады. Біздің Қарағанды политехникалық жоғары колледжі осындай замандандырылған аса қатты жылдамдықта істейтін аппараттар бар.

Ал тау-кен автоматика кабинетінде орналасқан желдеткіш жүйесі тау-кен саласындағы қажетті қондырғы. Бұл жаңа жабдық автоматтандырылған. Кешегі шахтада 40 жыл жұмыс істеген Владимир бүгін студенттерге сабақ беретін оқытушы. Ол  заманауи қондырғылардың қыр-сырымен таныстырды.

Қарағанды жоғары колледжінде бүгінде 19 техникалық мамандық  бар. Зертханалық жұмыстардың 85 пайызы инновация орталығында жүзеге асырылады. Барлық қондырғылар әлеуметтік серіктестердің талабы бойынша жабдықталған.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...