ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ

11:17, 24 қыркүйек 2021

Жас кәсіпкерлерге қолдау зор. Келесі кейіпкерлеріміз Бұқар жырау ауданы әкімінің арнайы грантын жеңіп алып, өз ісін ауылды жерде дөңгелетіп отыр

Талғат Шантубаев Құрылыс ауылының тұрғыны. Негізгі мамандығы құтқарушы техник. Бала кезден бау-бақша күтімі, жалпы өсімдік шаруашылығына қызығушылығы ерекше. Аудан әкімі грантына өз жобасын ұсынып 1 млн теңге қаржылай көмекке ие болып, шағын шаруасына қолдау тапты. 

Талғат ШАНТУБАЕВ, жас кәсіпкер:

-Бұл ферманы ашу идеясы бұрыннан болған. Тек қаражат жетпей жүрді. Содан кейін Бұқар жырау ауданы әкімінің арнайы грантына өтініш білдіріп, жеңімпаз атандым. Бөлінген 1 млн теңгеге стелаждар жасап, бокстар алдым. Бұл саланы таңдауым, адам денсаулығына пайдасы зор өнімдер.

Микро жасыл бизнесі шынымен де ерекше сала. Аядай ғана бөлмеде күнбағыс, шалқан және тағы басқа жиыны 9 түрлі өсімдіктер өсіріледі.  Ерекше күтімді қажет етеді. Бөлме температурасы шамамен 20-22 градус, ал ылғалдылығы 70 пайызды құрауы керек. Барлығы талапқа сай болса 10-14 күнде дайын өнім алуға болады.

Талғат ШАНТУБАЕВ, жас кәсіпкер:

-Түк қиыны жоқ. Күніне 2 сағат уақыт алады. Пайдасына келсек өте зор. Микро зелень өнімдері дұрыс тамақтанатын адамдарға арналады. Әр өсімдік бойында адам ағзасына қажетті түрлі дәрумендер бар. Болашақта бұдан да үлкен ферма ашсам деген жоспарым бар.

Бұл енді Көкпекті ауылындағы каратэ киокушинкай секциясы. Спорт залы жақында ғана жөндеуден өтіп пайдалануға берілген болатын. Бұл жерде 5-тен 15 жасқа дейінгі балалар күніне үш мезгіл жаттығу өткізіп тұрады. Балалардың қызығушылығы өте жоғары дейді бапкерлер.

Қасымхан АЙТБЕКОВ, бапкер:

-Тренировка үш мезгіл өтеді. Таңертең, түсте және кешкі уақытта. Балаларға ұнайды, қалмай келіп жаттығады. Каратэ әрбір үйге, әрбір ауылға деген бағдарламамен жұмыс жасап жатырмыз. Біздің директорымыз Тимур Райымбеков осы жобаны қолға алып, Қарағанды облысындағы әр мекемеге каратэ үйірмесін жеткізіп отыр.

Ауылды жерде спорт секциясының ашылуы бірінші кезекте балалардың бос уақыттарын тиімді өткізулеріне оң ықпал етері анық. Бөлінген қаржыға қажетті құрал-жабдықтар, арнайы төсеніш алынып, жөндеу жұмыстары жасалған. Осындай қолдау болса аудан орталығынан тағы бір филиалын ашу жоспары тұр.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...