ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖАРЫЛҒАН ЖЫЛУ ҚҰБЫРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

14:07, 20 қаңтар 2022

Балқаш қаласында 38 көп қабатты үй мен 100-ге жуық жекеменшік үй екі күнге жуық жылусыз қалды. Магистральды құбыр жарылып, қысымды азайтуға тура келген. Жұмысшылар бригадасы ақауды қалыпқа келтіріп, жылуды қайта қосқан.

Балқаш қаласында 18 қаңтар таңғы сағат 5 шамасында №2 магистральдің ескі бөлігінде құбыр жарылған. Салдарынан жылумен қамту жүйесі No1 магистральдық желіге ауыстырылып, үйлерді жылумен қамтамасыз етудегі қысым төмендетілген. Жалпы мысты қаланың жылу жүйесінде апат жиі болады. Құбырлардың 80 пайызы әбден тозған.

Ораз ТӘУІРБЕКОВ,     Балқаш қаласының әкімі

– Магистральдың бұл бөлігінің тозығы жеткен. Пайдалану мерзімі 10 жыл бұрын біткен. Барлық жағдай қалыпқа келтірілген соң, әрине, кезең-кезеңімен құбырларды қалыпқа келтіру міндеті тұр. Оған қыруар қаражат қажет.

Айта кетейік, Балқаш қаласындағы мұндай құбырдың жарылу жағдайы биылғы қыста алғашқы апат емес. Коммуналдық  сала қызметкерлері қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген соң, балқаштықтарға жылу 19 қаңтар күні кешкі уақытта толығымен  берілді.

Ескендір ҚАБИДОЛЛА,  Балқаш қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Жүйе толығымен жұмыс істейді. Апатты жоюға 8 бірлік арнайы техника мен 11 адам жұмылдырылды. Ұзындығы 112,2 метр, диаметрі 720 миллиметр жылу магистралі ауыстырылды. Қызмет көрсетуші ұйыммен бірлесе отырып, арыз-шағым түскен барлық учаскелер бақыланды.

Балқаш қаласындағы 225 шақырым құбырды ауыстыруға 5,3 миллиард теңге қаржы керек. Былтыр қазынадан 600 миллион берілсе, биыл 456 миллион теңге бөлінген. Мәселені толық шешу үшін жергілікті билік республикалық қазынадан қосымша қаражат сұрауды көздеп отыр.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар