ЖАНАШЫР ЖАНДАР ҚОЛ ҰШЫН СОЗДЫ

16:17, 16 сәуір 2021

Теміртау қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар өздеріндей ерекше күтімді қажет ететін балалар ойнайтын орталықты жөндеуге көмектесіп жатыр. Бұл игі шараны қаланың өзге де тұрғындары «Ангел мой» қоғамдық бірлестігімен бірлесе атқаруда

Бұл ғимараттың екінші қабатында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған орталық жұмыс істеген. Бір қарағанда бәрі жақсы. Бірақ бұнда мүгедек жандарды  жоғарыға көтеретін жедел саты да, құрылғы да болмаған. Осы қиындықты шешу үшін «Ангел мой» қоғамдық бірлестігінің өкілдері кәсіпкерлер мен тұрғындарға жүгініпті. Олар ғимараттың бірінші қабатынан бөлменітегін алып берген. 

Нина ПОПОВА, «Ангел мой»ҚБ жетекшісі:

- Мұнда біз қайырымдылық жасаймыз. Жалдау ақысын да төлемейміз, біз үшін мұнда барлық жағдай жасалған.   Бір ыңғайсыздық туғызатыны екінші қабатта орналасқанбыз.  Бізге  арбаға таңылған, даун синдромы, ДЦП- дертіне шалдыққан балалар келеді.  Оларға екінші қабатқа көтерілу қиындық тудырады. Сәйкесінше, бірінші  қабаттан бөлме бөлу жайлы өтініш жасадық.

Бөлме кең әрі ыңғайлы. Тек жөнделмеген. Көмекке кейіннен құрылған «Отзыв» қайрымдылық қоры келді. Олар қаржы жинап, құрылыс материалдарын сатып алды. Қатарға тағы жиырма адам келіп қосылған. Әркім өзіне жүктелген шаруаны атқарған.

Ербол ОМАРОВ:

АндрейКорневттің өзі де мүмкіндегі шектеулі жан. Бірақ ол осындай жағдайды ести тұра шетте қарап қала алмай, игілігті іске қол ұшын созуда.

Андрей КОРНЕВ:

 Тағдырдың сынына ұшыраған балаларға бар ықыласыммен көмектесуге дайынмын. Қайырымдылық- қайырлы іс.   Жылулылқ, мейірімділік сыйлағанға не жетсін.

Жанна Бакенованың да тағдыры осы. Ол кәсіби сылақшы. Негізі тапсырыс қабылдап, нәпақасын тауып жүр. Алайда бұл ғимаратты жөндеу жұмыстарына қуана білек сыбана кіріскен. Еңбегін құндамайды, балалар үшін аталған нысанды тегін жөндеп бермекші.

Жанна БАКЕНОВА:

- Бұл мен үшін және балаларым үшін, команда үшін керек. Мен олар үшін бәріне дайынмын. Барлық жерде жақсылық жасап, елге көмектескім келеді.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталықтың күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. Тек терезелері мен еденін ғана алмастыру қалды. Қосымша жаңа жиһазды да сатып алу керек. Қалған қаражатқа осында білім алатын балаларға арнайы киімдер жеткізбек. 

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

        

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар