ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«ЖАНАРСЫЗ АДАМ КЕЛЕДІ» ПРЕМЬЕРАСЫ САХНАЛАНДЫ

14:26, 20 қазан 2021

Сәкен Сейфуллин театрында зағип және көзі нашар көретін мәдениет үйінінің актерлары «Жанарсыз адам келеді» атты поэтикалық спектаклін көрерменге ұсынды. Қойылым ақиық ақын Мұқағали Мұқатаевтың 90 жылдығына орайластырылды

Зағип жандар мен көзі нашар көретін мәдениет үйінің актерлары алғаш рет Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын орындап шықты. Жанарсыз адамның қоғамдағы орны, қоршаған ортамен байланысын, олардың өмірге деген сүйіспеншілігін көрсете білді. Сондай батыл, ерекше жандардың бірі Сағыныш Сағынай. Ол Тәттімбет атныдағы өнер колледжінің студенті. Болашақта өнер адамы болуды армандайды.

Сағыныш САҒЫНАЙ, өнер колледжінің студенті:

-Мен бала кезден әнші болуды арамандаймын. Осы жолы Әділет аға актерлық қырымнан ашылуымды сұрады. Осындай рөлді сомдасаң қалай болады деді. Мен келісімімді білдірдім. Бұл арқылы өмірде кездесетін түрлі қиындықтарға, қаңқу сөздерге берілмей, мақсатқа қарай жүру керектігін түсіндім.

Биыл зағип жандар мен көзі нашар көретіндерге арналған мәдениет үйінің құрылғанына 1 жыл болды. Қазір мұнда 10-нан астам актерлар мен әншілер бар. Олар әр мереке қарсаңында белсенділік танытады. Мақсаттары адамдардың тіршлікте әр нәрсеге қанағатшыл болуына шақыру. Қолда барды бағалай білуге насихаттау, дейді Әділет Мұқаш.

Әділет МҰҚАШ,  зағип  жандар мәдениет үйінің бөлім жетекшісі:

-Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай, зағип жандар арасында осындай қойылым дайындадық. Бұл жерде Мұқағали Мақатаетың "Жанарсыз адам келеді өмірге" деген шығармасы арқау болып отыр. Әр адамның қоғамда өзіндік орны бар екенін ұқтыру.

Кеш соңында көптің көңілінен шыққан өнерпаздарға көрермендер алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын айтты. Оларға арнайы гүл шоқтары мен шағын естелік сыйлықтар табыстады.

 Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
14:22, 13 қаңтар 2022
УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
Толығырақ...