Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ілияс Мұқайдың «Сыныптасы жоқ бала» жыр жинағының тұсауы кесілді. «Ortalyq Qazaqstan» газеті Бас редакторы орынбасарының оқырман қауымға жол тартқан жаңа туындысы «Жанымның жамыраттым арай-нұрын» атты шығармашылық кеш аясында өткізілді.