ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖАҢА ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРУДЕ

12:12, 30 қараша 2021

Балқаш қаласында 1700-ден астам адам үй кезегінде тұр. Жергілікті билік тұрғындарды баспанамен қамтуда былтыр 90 пәтерлі екі бес қабатты үй салған. Биыл қалаға қарасты Қоңырат кентінде де жаңа баспаналар бой көтеруде

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ,  тілші:

-Балқаш қаласына қарасты Қоңырат кентінде 2800-ге жуық халық бар. тұрғындар саны артуына байланысты баспанаға сұраныс артқан. Алты үй салынуда. Барлығы бір үлгіде, бөлмелері кең. Жақында мұнда үй кілттері табысталып, жаңа қоныс тойы тойланбақ.

Қоңырат кентінде үй құрылысы 5 ай бұрын басталған. Қазір жұмыстардың 95 пайызы аяқталған. Бір үлгіде салынған алты үй 12 пәтерлі. Тіпті, бау-бақша, шаруашылықпен айналысуға арнайы орындар беріліп, алаңдар орнатылатын болады. Үйлердің толықтай салынуына «Жұмыспен қамту» арқылы 30-дан астам жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.

Саят ЕСЕНБЕКОВ,  құрылыс компаниясының басшысы:

-Пәтерлер 105 шаршы метрден. Өте кең. Сапалы, үй салуда тәжірибеміз өте жоғары. Өте жауапкершілікпен, мұқият жүргізілген құрылыс болды. Тұрғындар үшін барлық қажеттілік бар. Су, ыстық су бар.

Кенттің өзінде 28 адам үй кезегінде тұрса, жақын күндері оның 20-ға жуығы жаңа үй кілтін алмақ. Балқаш қалалық әкімдігі бастамасымен былтыр жалпы қала бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан 32 көпбалалы отбасыға үй берілген. 90 пәтерлі екі 5 қабаты үйдің де берілуі баспана кезегінде тұрғандар санын азайтуғ мүмкінідк берген.   

Нұрболат БӨЛЕГЕН, Балқаш қалалық ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

-Қоңырат кентінде 18 үй беруге дайындалудамыз. 12-сі дайын деп айтуға болады. 6-уын жыл соңына дейін аяқтаймын. Одан бөлек, Балқаш станциясында  12 пәтер осал топтарға беріледі. Құрылыс жұмыстары жыл сайын артып келеді.

Қазіргі таңда Балқаш қаласындағы 10-шы шағын ауданда 90 пәтерлі үй салынуда. Демек, шаһардағы баспана мәселесі біртіндеп шешімін табуда деген сөз.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ  АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
19:13, 17 мамыр 2022
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ КОРЕЙ ТЕАТРЫНА – 85 ЖЫЛ
19:08, 17 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ КОРЕЙ ТЕАТРЫНА – 85 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар