ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ

12:30, 14 шілде 2021

Облыста оқу орындары қызметкерлерінің 84%-ы індетке қарсы вакцина салдырды. Ал, жаңа оқу жылына әзірлік жұмыстары өңірде қалай жүзеге асырылып жатыр? Бұл облыс әкімдігінде өткен кезекті аппараттық жиында талқыланды

Қарағанды облысында жаңа оқу жылына дайындық шаралары жүргізілуде. Қажетті оқулықтар сатып алынады. Ол үшін қазынадан 2,3 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлініпті. Сонымен қатар өңірде 146 білім беру нысандарына жөндеу жұмыстары жоспарланған. Атап айтқанда 11 мектеп, 26 балабақша, 8 колледж бен бір балалар үйі. Ал, 9 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 4 мектеп пен 2 балабақша бой көтеруде.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Ел Президенті 10 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде оқушылар мен студенттердің дәстүрлі оқыту жүйесіне оралуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Пандемия кезінде олар қашықтан білім алуға мәжбүр болды. Біз өткен оқу жылында жіберілген олқылықтардың орнын толтырып, оларды болашақта қайталамауға тиіспіз.

Аппараттық кеңесте білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова штаттық форматта жұмыс істеудің басты талабына тоқталды. Педагогтар мен қызметкерлер коронавирустық инфекцияға қарсы 100 пайыз вакцинация алу керек. Қазір білім қызметкерлерін мұғалімдердің  84% індетке қарсы екпе салдырған. Вакцинаны 18 жастан асқан колледж студенттері де қабылдайды. Барлық білім беру ұйымдары санитарлық құралдармен қамтылған. 

Гүлсім ҚОЖАХМЕТОВА, облыстық білім басқарамасының басшысы:

 - Кабинеттік жүйені жою және әртүрлі сыныптар үшін үзілісті бөлу арқылы, 25 оқушыдан аспайтын сыныптарға бірнеше ауысымда сабақтар өткізу жоспарлануда. Сабақ кестесі бастауыш, орта және жоғары буынды ескере отырып жасалады. Бұл жағдайда, егер оқушылардың біреуінде коронавирус анықталса, барлық мекеме емес, жеке блок карантинге жабылады.

Аймақ басшысы қауіпсіздікті барынша сақтай отырып, дәстүрлі оқу форматына оралу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Өңірде 1 қыркүйектен бастап 209 мыңнан астам оқушы білім ала бастайды. Оның 22 мыңға жуығы мектеп табалдырығын аттайтын балалар.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...