ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖАҢА ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

17:27, 15 шілде 2021

Өткен тәулікте Қарағанды облысында коронавирустық инфекциясын жұқтырған 603 жаңа жағдай тіркелді. Қауіпті індеттен 168 адам құлантаза айықты. Мұндай мәліметтерді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді

Аймағымызда 15 шілдедегі ахуал  бойынша коронавирустық инфекцияның 45 079 жағдайы тіркелген. Ал, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанғандар көрсеткіші 3 100 адамнан  асып жығылады. Оның ішінде симптом белгілері бар науқастар 69 процентке жеткен. Симптомсыз вирус тасымалдаушылар 31 пайызды көрсетіп отыр. Еліміздің кейбір аймақтарында  қауіпті дерт дендеп тұр. Осыған байланысты Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 14 шілдедегі жаңа қаулысы қабылданды. Ол 17 шілдеде түн ортасында күшіне енеді. Енді демалыс күндері қалаішілік қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылады. Ал, өңірге қанаттас  қалалар мен облысішілік маршруттар қатынайтын болады, деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. Сондай - ақ, жазғы алаңдарға кешкі сағат  сегізге  дейін, ал "Ashyq" көмегімен түнгі сағат онға дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сондықтан сала мамандары аймақ тұрғындарын барлық сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...