ЖУЫРДА ЖАҢА ФИЛЬМ ШЫҒАДЫ

10:36, 23 ақпан 2021

Айтыскер Дидар Қамиевтің інісі елдегі карантинге қарамастан келін түсіріп, ақын өзі беташарын жасады. Алайда, уақыт өте келе үлкен әулеттің ұйытқысы болады деген қуаныштары су сепкендей басылады. Тіпті, беташар рәсімінің өзінде блогер келіннің қолынан ұялы телефоны түспеген

Блогер келін айтыскер ақын Дидар Қамиевтің інісінің жары. Ол елімізде карантин күшейіп, той-томалаққа тыйым салынған кезде босаға аттаған. Киім кисе де, тамақ дайындаса да, тіпті үлкендерге шәй құйып отырса да келіннің қолынан телефон мүлдем түспейді. Мұндай жат қылығынан алдымен әулеттің үлкені Жандостың атасы мен әкесі тартынады. Блогер болып ақша табуды ғана ойлайтын келін үлкен әулеттегі өз міндетінен гөрі, әлеуметтік желідегі белсенділігін басты ұстаным етеді. Әрине, мұның бәрі шынайы өмірде ақын Дидар Қамиевтің әулетінде орын алса, қалай болар еді!? Облыстық «Сарыарқа» телеарнасы ұжымының жаңа фильмінің желісі осылай өрбиді. Туынды отбасы құндылықтарын сақтап, салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған.

Назерке ЖАРТЫН,  фильм режиссерінің көмекшісі:

-Фильмде қызықты комедиялық жанрлар бар. Белгілі актерлер, өнер иелері де ойнайды.

Фильмде блогер қалыңдықты түсірген Жандос рөлін Ұланғасыр Қамиев сомдайды.   Алғашында ағайын, көрші-қолаң  оның  мамандығы мұғалім деп мақтан етеді. Алайда, уақыт өте келе қолынан ұялы телефон түспейтінін  білгенде Жандостың әкесі де, атасы да қылығын доғаруды талап етеді. Салт-дәстүрді емес, әлеуметтік желідегі жазылушылар санына мән беретін Аружанның қылығы арқылы режиссер фильмде қоғамдағы бар мәселені барынша көрсетуге тырысады.

Ұланғасыр ҚАМИЕВ,  фильмде Жандос рөлін сомдаушы:

Жібек,   фильмде Аружан рөлін сомдаушы:

Жаңа фильм Доскей ауылында түсірілу үстінде. Әлеуметтік желіде  1 миллион оқырман санын 5 миллионға жеткізуді армандайтын Аружан уақыт өте келе үйдің жұмысын да міндетінде атқарып,  сүйікті жарға айналады.  Режиссер осы арқылы әлеуметтік желінің бүтін бір әулеттің шырқын бұзуы әбден мүмкін екенін жеткізуді көздеген. Отбасы құндылығын сақтау жолын алға қойған туындыда блогер келіннің әрекетін қолдайтын жанұя мүшелері де бар. Белгілі өнер иелері Махмұт Садықанов пен Нұржібек Жансүгірова фильмде әулеттің атасы мен әжесі рөлін сомдайды.

Нұржібек ЖАНСҮГІРОВА,   белгілі актриса:

Фильмге қолдау көрсетушілердің бірі кәсіпкер Мұрат Жадаев. Толық метражды кинокомедия сценариін авторы  Дариға Нұржаева. Облыстық Сарыарқа телеарнасы ұжымының қоғамдық өмірде маңызы бар тақырыптарды қамтыған бесінші фильмі жақын күндерде көрерменге жол тартады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
15:35, 24 ақпан 2021
БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...