ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖАҢА ФИЛЬМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

16:56, 9 шілде 2021

«Блогер келін». Облыстық «Сарыарқа» телеарнасында жаңа фильмнің тұсаукесері өтті. Режиссер Қаршыға Игеновтің қоғамдық өмірде маңызы бар тақырыптарды қамтыған бесінші фильмі көрерменге жол тартты. Су жаңа картина отбасы құндылықтарын сақтап, салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған

Жаңа фильм Доскей ауылында түсірілді. Әлеуметтік желіде 1 миллион оқырман санын 5 миллионға жеткізуді армандайтын Аружан келін уақыт өте келе үйдің жұмысын да, міндетін де атқарып, сүйікті жарға айналады. Режиссер осы арқылы әлеуметтік желінің бүтін бір әулеттің шырқын бұзуы әбден мүмкін екенін жеткізуді көздеген. Бас рөлді сомдаған Жібек Мұстафаева өмірде өзі де жас келін. Актриса енесі мен жолдасының үлкен қолдауы арқасында бұл рөлін абыроймен алып шыққанын айтады.

Жібек МҰСТАФАЕВА: 

-Киноға бірінші рет келіп отырмын, кино маған оңайырақ болды. Себебі мен жаңа түскен келінмін, балам бар. Сондықтан маған рөлге кіру оңай болды, блогерлікпен де айналысам.

Салт-дәстүрді емес, әлеуметтік желідегі жазылушылар санына мән беретін Аружанның қылығы арқылы режиссер фильмде қоғамдағы бар мәселені барынша көрсетуге тырысқан.

Қаршыға ИГЕНОВ, режиссер:

-Фильмге бас-аяғы 15 адам жұмыс істедік. Актерымыз бар, операторымыз бар, көмекшілер. Сонымен бір айдың ішінде түсіріп, 3 ай монтажға кетті. Фильмге қолдау көрсетушілердің бірі кәсіпкер Мұрат Жадаев.Толықметражды кинокомедия сценарийінің авторы  Дариға Нұржаева. «Сарыарқа» телеарнасының басшылығы шығармашылық топқа алғыс хаттар табыс етті.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...