Ревакцинация қарқынды өтіп жатыр. Аталған екпемен 60 жастан асқан адамдар егілуде. Біздің түсірілім тобымыз №1 қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығына барып, ондағы вакциналау жұмысының барысын көріп қайтты.
Бұл орталықта вакцинаның саны жеткілікті дейді мамандар. Қазір олар ақпараттық жұмысты белсенді жүргізіп жатыр екен. Әлеуметтік желіде отырмайтын зейнет жасындағы адамдардың үйіне хабарласып, ревакцинацияның басталғаны жөнінде қосымша ақпараттар береді.
Татьяна БАШИРОВА, қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының басшысы
-Ревакцинацияны комернати файзермен жасауға болады. Комернати деген құжаттағы атауы. Ол 60-тан асқандарға және медициналық қызметкерлерге егіледі. Бұл туралы ақпарат тараттық. Қазір тұрғындарды белсенді түрде шақырып жатырмыз.
Ревакцинацияға келген зейнеткерлер алғашқы екі компонентте өздерін жақсы сезінгендерін айтады.
Саят СҮЙГЕНБАЕВ, тұрғын:
Орталықтың дәрігерлері Спутник Лайт вакцинасын күтіп отыр екен. Ол да ревакцинацияға арналған.
Ерік НАРЫН