ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«ZAMANDAS – 2021»

11:50, 30 қараша 2021

Қарағанды қаласында «Замандас-2021» байқауында топ жарғандар белгілі болды. Халықтың онлайн негізде дауыс беруі арқылы анықталған жеңімпаздар еліміздің Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында қошеметке бөленді.

«Замандас-2021» байқауы биыл 14-ші рет өткізіліп отыр. 6 аталым бойынша үздіктерді анықтау екі ай бұрын басталған еді. Шаһардың дамуына, өңірдің әлеуметтік-экономикалық қарқын алуына үлес қосқан жандарды іріктеген байқау қала әкімінің құттықтауымен ашылды.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,   Қарағанды қаласының әкімі:

-Барша қарағандылықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бүгінгі байқау, марапатқа ие болып жатқандардың барлығы дерлік қала дамуына айрықша үлес қосқан жандар. Қаламыздың белсенді азаматтары, ұстанымдары қалыптасқан жандарға тек табыс тілеймін.

Жеңімпаздар алты аталым бойынша марапатталды. Әр номинацияда жеңімпаздар интернет дауыс беру нәтижелері бойынша анықталды. 28 үміткерге дауыс беруге 17 000-ға жуық қарағандылық қатысқан. Алғаш болып, «Рақымшылық», «Насихат», «Шабыт» аталымдарының иегерлеріне жүлде табысталды.

Бұқаралық спортты дамытуда атсалысқан жандарға арналған  «Батыр» аталымына - Нұрлан Қалтаев лайық деп танылды. Ал, әлеуметтік мәселелерді шешіп, азаматтық бастамашылықты насихаттай білген Ләззат Қожахметова  «Ұстаным»  номинациясының иегері атанды.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА, «Ұстаным» аталымының иегері:

-Біз осыған дейін көпбалалы аналардың мәселесін шешіп, 7 отбасының баспаналы болуына үлес қостық. Қайырымдылық шаралары арқылы отбасыларға жәрдем бердік. Үнемі әлеуметтік мәселелерді көтеріп, шешімін тапқанша назарда ұстадық. Міне, халық бағасы осы деп ойлаймын.

Өндіріс саласындағы үздіктер де қошеметке бөленді. Елімізге белгілі «Maker» зауыты  «Табыс» аталымы бойынша халықтың ең көп дауысын жинап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Жәнібек БАЙҒАБЕЛОВ,  «Maker» ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауытының басқарма төрағасыя:

-Замандай байқауының жүлдесі Қарағандының Оскар сыйлығы деп қабылдаймын. Өйткені, халық дауыс берді. Ашық болды. Демек, қарағандылықтар шын бағалағаны анық. Өте қуаныштымын.

Қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жалпыұлттық «Жомарт жүрек» сыйлығының қалалық кезеңдегі жеңімпаздарына қайырымдылық кубогы мен дипломдар табыстады. Сонымен қатар қаланың бірқатар белсенді мүшелеріне Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.

Мария ФАТЕЕВА,   ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі:

-Қаламыздың дамуы көз алдымызда өтуде. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құтты болсын. Аса ауыр жылдарды еңсеріп, қаламыз көркейіп келе жатқаны куантады. Бүгін Құрмет грамотасы табысталғанына қуаныштымын.

Салтанатты шара мерекелік кешке ұласты. Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған патриоттық әндер шырқалды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

16:30, 18 мамыр 2022
МАЛДЫ БАҚСАҢ ҚОЙДЫ БАҚ, МАЙ КЕТПЕЙДІ ШАРАДАН
Толығырақ...
16:29, 18 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ - ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар