ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ВАКЦИНАЛАУ – ӨМІР ТАЛАБЫ

14:12, 12 шілде 2021

Қаражал қаласында Covid-19 вакцинасын алған тұрғындар үшін ұтыс ойыны өткізілуде. Акцияның басты мақсаты - пандемиямен күресу, халықты ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина алуға ынталандыру

Акцияға қатысу шарты қарапайым. Әр тұрғын вакцина алғаны жөнінде төлқұжатты Қаражал қаласындағы мәдени сауықтыру орталығына тіркейді. Кейін лотерея жәшігіне салынып, арасынан таңдалып алынады. Ұтыс ойынның әділ өтуін арнайы коммисия бақылауға алды. Сонымен қатар шара  инстаграм әлеуметтік желісіндегі  тікелей эфирде өтті.

Мешітбай  ОМАРОВ, Қаражал қаласының тұрғыны:

-Лотерея меніңше өте таза өтті. 150 адамның ішінде вакцинацияның паспорттары орнында жатты. Біз выбор жасаған жоқпыз ешқандай, араластырып тұрып, теріс қаратып көрсеттік. Бір күйші есімі пайда болды. Бұндай шаруа бірінші рет өтіп отыр. Келесіде бұдан да жақсы болады. Халықты вакцинамен ынталандыру деген, жалпы бұл мемлекеттік жүйеде, аймақтық болмаса да дүниежүзіне өте қажетті деп есептеймін.

Алғашқы ұтыс ойынға қатысуға 150 адам өтініш білдірген екен. Ұйымдастырушылар, яғни Қаражал қалалық әкімдігі шараны апта сайын өткізуді жоспарлап отыр. Акцияға өз еркімен демеушілік етіп жатқан компаниялар да  жеткілікті екен.

Алексей КАРТАШОВ, демеуші:

-Біз осы Қаражал қаласында халықты ауызсумен қамтамасыз ететін бағдарлама бойынша құбыр тарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жалпы халықты ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін  ұтыс ойынын естіп біз демеуші болайық деп ұсыныс жасадық. Себебі, ұлттың саулығы үшін жасалып жатқан кез келген шаршаны қолдауға дайынбыз.

Жеңімпаздарға сыйлықтары салтанатты түрде екінші күні табысталды. Бағы жанғандар тұрмыстық техникаларға ие болды. Соның бірі Мейрамгүл Базылова. Қала тұрғыны екпе алып, олжалы болдым деп қуануда. Бастысы, енді денсаулығына қауіп жоқ.  

Мейрамгүл БАЗЫЛОВА, Қаражал қаласының тұрғыны:

-Вакцинаны мен ең соңғысын мамырдың 26-сында алдым. Ал, біріншісін сәуірде алдым. Лотерея ойнайтынын көршім, әріптесім айтты. Сол аяқ-астынан келдім. Осы жерге тіркелдік. Кеше естіп жатырмын, лотерея ұтысына ие болдыңыз деп, басында сенген жоқпын, келіп осы жерге қуанышқа кенеліп жатырмын.

Қаражал қалалық ауруханасында вакцина орталығы бар. Онда дәрігерлер екпе аламын деушілерді таңертеңгі сегізден кешкі сегізге дейін қабылдауға дайын. Сонымен қатар ақ халаттылардан жасақталған арнайы мобилді топ үйді-үйге барып, арнайы шақырту босла, вакцина салып береді.

Ерлан БАЗАРБЕКОВ, орталық аурухана директоры:

-Вакцина деген нәрсе, екпе жасау - біздің аурудың ауру түрінен және оның өлімге дейінгі асқынуынан сақтайтын бірден-бір үлкен шара. Бүкіл халықты әсіресе, созылмалы ауруы бар адамдарды. Жасы ұлғайған адамдарды, осы екпені алуға шақырамын.

Жалпы  Қаражал қаласында 5231 адам Covid-19 вакцинасының бірінші компонентін, 2085 тұрғын екінші компонентін алған екен.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...