ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ВАКЦИНА - ІНДЕТПЕН КҮРЕСТІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

15:39, 4 қазан 2021

Вакцина алу - өмір талабы. Қазіргі күні екпе алу үшін облыс көлемінде мейлінше қолайлы жағдай жасалып отыр. Тіпті жер жерде арнайы топ құрылып, шалғайдағы ауылдарға барып екпе салуда. Мәселен, қазіргі күні Ақтоғай ауданы халқының 70 пайызы вакцинаның екі компонентін алған

Айқожа Ақыжан аудан тұрғыны. Бүгін ол вакцинаның 2-ші компонентін алуға келді. Дәрігерлер алдымен қысымын тексеріп, арнайы сауланама жүргізеді. «Өзіме және жақындарыма қауіп төндірмеу үшін вакцина алдым» дейді ол.

Айқожа АҚЫЖАН, аудан тұрғыны:

-Вакцинаны алу керек. Біріншіден өз денсаулығыңды сақтау үшін. Екіншіден көпшілік жерлерге, қалаға шығамыз сол кездерде сенімді жүру үшін керек. Вакцина алмасаң шыны керек жүріп тұру қиындау кез келген жерге кіріп шыға алмайсың. Қазіргі талап сондай.

Аудан бойынша екпе салатын екі пункт жұмыс істеп тұр. Оның бірі орталық аурухана болса, екіншісі Шашубай кентінде. Одан бөлек 2 жылжымалы жедел жәрдем көліктері ауыл-аймақтарды аралады. Орталық ауруханада КОВИД-ке арналған 24 орындық инфекциялық бөлім жұмыс істеп тұр. Аудан жұртшылығы негізінен Спутник және Казваг екпелерін алуда. Алдағы уақытта Веросел вакцинасы да ауданға жеткізілмек.

Елдос ЖҰМАЖАНОВ, Ақтоғай ауданы орталық аурухана директоры:

-Облыстық денсаулық сақтау басқармасының  KPI /кипиай/ жоспары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ауыл-аймақтарды қамтудамыз. Аудандық  ішкі саясат бөлімімен бірлесе түсіндіру, яғни ақпараттық жұмыстарын жасап халыққа вакцина алудың маңыздылығын айтып келеміз. 

 «Ауырып ем іздегенше ауырмаудың амалын қарастырып» жатқандардың қатары күн сайын артып келеді дейді мамандар. Қазан айынан бастап Қарағанды облысының сары аймаққа өтуі де осындай жұмыстардың әр аймақта жүйелі жүргізілуінің жемісі деп білуге болады.   

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
14:22, 13 қаңтар 2022
УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
Толығырақ...