ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ВАКЦИНА БАСТЫ ҚАРУ

16:56, 14 шілде 2021

Облыс бойынша соңғы тәулікте коронавирустық инфекция жұқтырғандардың басым көпшілігі екпе алмағандар. Дәрігерлер халықты жалған ақпаратқа сенбей, дер кезінде вакцина қабылдауға шақырады. Иммундаудың адам ағзасындағы тиімділігін ақ халаттылар егжей-тегжейлі түсіндірді

Соңғы тәуліктегі дәрігерлердің ресми мәліметі бойынша тәж вирусының өршіп тұрғаны айтылуда. Мамандар вирустың тәжін шешудің төте жолы - екпе алу екенін айтып, дабыл қағуда.

Шынар ӘУЕСБАЕВА, дәрігер-инфекционист:

-Біз осыған дейін де сіреспе, оба, қызылша, тымау сынды ауруларды екпе салу арқылы ауыздықтаған болатынбыз. Мысалы, өздеріңізге мәлім қазір де ол ауруларға вакцина салынады. Енді 2019 жылдан бастап, әлемді жайлаған коронавирус індеті оңай болмай тұр. Осы орайда, вакцинаның бірнеше түрі бар. Олардың барлығы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының лицензиясын алған. Яғни, толық сараптамалық тексерістен өткен. Сондықтан қазіргі кезде тарап жатқан жалған ақпараттарға сенбей, дәрігерге сену керек. Вакцинаның еш қаупі жоқ. Тек оны қабылдау кезінде ауырсынулардың болуы мүмкін. Ол заңдылық. Тіпті кейде адам екпе қабылдаған кезде инкубациялық кезеңде болуы мүмкін. Сол кезде де дене қызуы көтеріліп, ауырады. Одан қорқудың қажеті жоқ.

1 шілдеде шыққан Қазақстан бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, аймақта жаппай иммундау жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін аймақ бойынша 1 компонентін 4 млн 600 мың, ал екіншісін 2 жарым млн адам салдыртқан. Қазір екпе алғандардың жағдайы қалыпты. Сондай-ақ, ақ халаттылар жүктілікті жоспарламас бұрын міндетті түрде екпе салғызу маңызды екенін түсіндірді.

Шынар ӘУЕСБАЕВА, дәрігер-инфекционист:

-Вакцина жүктілікті жоспарлауға еш кедергі келтірмейді. Керісінше, жүктілікті жоспарламас бұрын екпе қабылдаған дұрыс. Өйткені, әйел адам аяғы ауыр кезде коронавируспен ауыратын болса, оны еңсеру жеңіл болады. Және болашақ нәрестеге еш зияны жоқ. Оның ДНҚ кері әсер етпейді. Ондай жалған ақпараттарға дәрігер ретінде сенбеуге шақырамын. Вакцинаның екі компонентін алғаннан кейін 3 апта өткен соң, антиденелер толығымен қалыптасады. Ал, әйелдерге вакцинадан кейін 6 айдан соң ғана жүктілікті жоспарлаған дұрыс.

Мамандардың ресми ақпаратына сүйенсек, орталық өңір бойынша вакцина қоры жеткілікті. Тұрғындар қандай екпе аламын десе де таңдауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, мамандар халықты жалған ақпаратқа жалтақтамай, медициналық тұрғыда дәлелденген деректерге сену керек дейді.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...