ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ВАКЦИНА АЛМАҒАНДАР ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕ ЖАТЫР

17:13, 13 шілде 2021

Облыстың инфекциялық госпитальдарында 1 983 адам емделуде. Олардың 99% вакцина алмағандар. Дәрігерлер вакцина қабылдағандар арасында коронавирустық инфекциямен ауыру жеңіл өтетінін айтуда. Вакцинаны салдырудан кімдер бас тартуда? Бұл жайында арнайы брифингте мамандар ресми ақпарат берді

Вакцинаның 1-ші компонентін қабылдағаннан кейін инфекция жұқтырушылардың саны өсуде. Ал, дәрігерлер одан қорықпауға шақырады. Себебі, екпені алған адамдар коронавирусты жеңіл еңсереді екен. «Сондай-ақ, екі компонентін толық салғызғаннан кейін тек 1 айдан соң ғана толық иммунитет қалыптасады», - дейді дәрігерлер.

Анна КНАУС,  Қарағанды медицина универсиететі жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының қауымдастырылған профессоры:

-Коронавирустың жаңа жолы табылды. Сондықтан біз бұл жаңа коронавирустық инфекция деп айтамыз. Халықтың жеткілікті саны коронавирустық инфекциямен ауырғанына қарамастан, біз инфекцияның тоқтамағанын көреміз. Біз инфекцияның қайталанған жағдайлары бар екенін көріп жүрміз. Бұл созылмалы Совид-19 ауруы болып қалады.

60 жастан асқан адамдар арасында инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары. Соңғы апталарда жастардың да вируспен ауру көрсеткішінің өскенін айтады. Дәрігерлер мұны вирустың жоғары концентрациясымен, сондай-ақ, жаңа штаммның пайда болуымен байланыстырады.

Анна КНАУС,  Қарағанды медицина универсиететі жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының қауымдастырылған профессоры:

-Вакцинаны қабылдау кезіндегі қарсы жағдайлар бар. Ол яғни адамның ағзасында ковидтың симптомсыз түрінің бар екенін білдіреді. Сондықтан кейбір вакцина қабылдаушыларға қатты әсер етуі тиіс. Жастар өкпе қабынуының 50-60 пайызы болғанда ауруханаға түседі. Алайда, ол бір-екі күнде 80-90 пайызға жетеді. Сөйтіп, кейбір жағдайлар өкінішке алып келеді. Аурудан құтылудың төте жолы - вакцина алу.

Мамандар қазір облыс бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыз екендігін жеткізді. Барлық инфекциялық госпитальдарда 1983 адам емделуде. Олардың 99 пайызы вакцина қабылдамағандар.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ      

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...