ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС

14:22, 13 қаңтар 2022

Енді бұдан былай утилизациялаумен мемлекеттік ұйым айналысады.Мұндай шешімді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс отырысында қабылдады.Сондай-ақ, утильдік алым мөлшерлемесін жинау мен пайдалануды қайта қарауды тапсырды.

Біздің елде утилизациялау тарифтері басқа мемлекеттермен салыстырғанда бірнеше есеге қымбат.Мысалы,Қозғалтқыш күші бір және екі литрлік автомобильдер үшін біржолғы төлем 1 миллион теңгеден асады. Ал үштен жоғары қозалтқыштары бар автокөліктерге төлем 3 млн немесе 8мың долларға жуық.Бұл қарапайым халық үшін аса тиімсіз. Президент Қасым –жомарт Тоқаев осыны ескере келе утилизациялауды бақылауды мемлекеттік ұйымға жүктеді.

Саясаттанушы мамандардың айтуынша, утилизациялаумен тікелей мемлекеттік ұйым айналысса,жұмыстың әлдеқайда ашықтығын қаматасыз етеді екен

Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ, саясаттанушы:

-Утилизациялаудың жоғары бағасы мәселесі көпшілікті бұрыннан мазалаған. Өйткені, бұл автомобильдердің құнына тікелей әсер етеді. Кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін қайта қарау дұрыс шешім деп санаймын. Бұл жұмыс ашық болуы керек. Егер оны мемлекеттік ұйым иеленсе, менің ойымша, бәрі жақсы болады. Тіпті пайдаланылған машинаны сатып алуға әркімнің қаражаты бола бермейді. Олар бүгінде өте қымбат.

Мемлекет басшысының бастамасын экология белсенділері де қолдайды.  Утилизацияға бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдалану қоршаған ортаға зиян келтіретінін айтады.

Михаил БЕЛЯКОВ, экобелсенді:

Негізінде утлизациялау бойынша оператор РОП ЖШС көп жұмыс жасады. Ол қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын компанияларға субсидия берді. Бір жерде көлік шығындары, бір жерде қайта өңдеу үшін төленді. Бірақ мәселе мынада, олардың қанша ақша аударғанын ешкім білмеді.

Сондай-ақ, экологтардың айтуынша, қоқысты жағудан бас тартып, барлық күшті қалдықтарды өңдеуге бағыттау керек. Мұны жеке тұлға емес, мемлекет бақылауы тиіс.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
17:24, 20 қаңтар 2022
ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
14:22, 17 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
Толығырақ...