ҮШЖАҚТЫ КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

15:18, 8 сәуір 2021

Келелі келісім - келешек кепілі. Аймағымызда әлеуметтік әріптестік туралы жаңа келісімге қол қойылды

Қарағанды облысының әкімдігі және кәсіподақ бірлестіктері мен жұмыс берушілер қауымдастықтарының басшылары арасында үшжақты келісім жасалды. Бұл 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік ықпалдастық. Қолданысқа енгізілген маңызды  құжат әр 3 жыл сайын жаңартылады. Келелі келісімде азаматтарды еңбекке тартуға, тұрақты жұмыс орындарын сақтауға, қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға ерекше екпін беріледі. Себебі карантинге байланысты аталмыш алғышарттар алдыңғы орынға шыққаны анық. Жаңа құжатта кәсіби кадрларды даярлау мен еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге қатысты қосымша тетіктер қарастырылған. Бұған қоса жас мамандарға әлеуметтік қолдау мен жұмысшы кәсіптерінің имиджін арттыруға барынша басымдық берілген. Ендігі кезекте әлеуметтік әріптестік туралы дәл осындай келісімдерге аймақтың күллі қала мен аудандарында қол қойылатын болады. Ал Жеңіс Қасымбек әлеуметтік серіктестерге конструктивтілік пен жауапкершілік үшін алғыс айтты.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Біз барлық тараптарды барынша қанағаттандыратын ортақ шешім табуымыз керек. Қол қойылған келісім – бұл қажет болған жағдайда өзгерістер енгізе алатын негізгі құжат екені шүбәсіз. Еңбек және әлеуметтік қорғауларға әсер етуі мүмкін көптеген аспектілер бар. Былтыр біз сіздермен жұмыс берушілермен қысылтаяң кезеңде өте тығыз жұмыс жасадық. Басты кезекте жұмыс орындарын сақтап қалдық. Сондай-ақ  бірқатар кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын көтерді.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
16:04, 15 сәуір 2021
ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
Толығырақ...
ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...