ҰРПАҚ ҰЛАҒАТЫ

15:23, 12 қараша 2019

Балқаш қаласындағы мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің мүсіні жаңартылды. Іс-шараны жүзеге асыруға оқу орнының түлектері бастамашыл болған. Жаңа кейіпке енген ескерткіштің ашылу рәсіміне жазушының ұрпақтары да куә болды

№7 мектеп-гимназиясына 1994 жылы Сәкен Сейфулинның есімі берілген. Сол жылы ақынның 100 жылдық мерейтойына орай бюст орнатылаған болатын. Араға 25 жыл салынып мүсін қайта жаңартылды. Тағылымды шараға Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков және   жазушының немере інісі Сәкен Орынбекұлы, тарихшы Марат Әбсембетов, ұстаздар қауымы қатысты.    

Жаңартылған мүсіннің ашылуына экологиялық акция себеп болған. Мектеп аумағында түлектер мен ата-аналар 125 түп тал отырғызса, 125 оқушы осыған дейін көшелерді қоқыстан арылтуға атсалысқан болатын.  Ескерткішке Сәкен Сейфуллиннің сөздері жазылған, мемориалдық тақта орнатылды.

Бюсттің ашылу салтанатынан кейін шақырылған қонақтар мектепке бас сұқты. Холда оқушылар орындауындағы  «Сәкен сұңқар»  әнін тыңдап,  ақынның мерейтойына орай ашылған жазушы кабинетін аралап, Сәкеннің өмірі жайлы сыр шертетін «Емен-ұзақ жасайтын ағаш» драмалық қойылымын тамашалады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ             

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар