ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҰЛЫТАУДАҒЫ ЕРЛІК

17:16, 12 шілде 2021

«Ерлердің ісі бітер ме»?! Ұлытаудағы дала өрті бүкіл елді алаңдатты. Тіпті ол өңірде төтенше жағдай жарияланды. Ал, тілсіз жаумен арпалысқан өрт сөндіруші жігіттердің ерлігі бөлек әңгіме. Құс ұйқымен дала кезіп, отты ауыздықтады

Қарағандылық өрт сөндірушілер Ұлытау ауданынан оралды. Олар далада 8 күн бойы өртпен арпалысты. Ешкім де өзінің қажығанын білдірткісі келмейді. Жәй ғана жымиып, әріптестерімен әзілдесіп қауышты.

№10-шы өрт сөндіру бөліміне бәрі аман-есен оралды. Жарақат алғандар да жоқ. Аятолла Набиев бұндай ауқымдағы өртпен бірінші рет бетпе-бет келіпті. Ол «кей кездерде көліктің өзін оттан арашалауға мәжбүр болдық» дейді.

Аятолла НАБИЕВ, № 10 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы:

-Бір аумақта өрт сөндіріп жүрдік. Бір кезде автоцистерна бұзылып қалды. Сондағысы болмашы бір ақау. Қырсыққанда жел бағытын өзгертіп, от техника тұрған жаққа бет алды. Маңайында цистернадан өзге де техникалар бар еді. Әріптестерім техникаларға отты жақындатпай біраз алысты. Сөйтіп от оларды айналып өтті.

Тілсіз жаумен арпалысуға кілең жастарды жіберіпті. Олар бір тәулікте екі-үш сағаттан ғана ұйықтаған. Өйткені өрт ешкімнің шаршағанына қарамайтыны анық. Аятолла Набиев әлеуметтік желіге таралып кеткен осы бір әйгілі суреттің авторы.

Аятолла НАБИЕВ, № 10 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы:

-Бұл сурет қалай таралып кеткенін білмеймін. Жәй ғана әріптестеріме жібергенмін. Одан әріге таралып кетіпті. Бұл шамамен таңғы 5-4 шамасы. Жігіттер шамалы ауқаттанып, енді ғана жатып жатқан еді.

Құтқарушылар Ұлытау ауданының тұрғындарына алғысын айтады. Таңғы, түскі және кешкі астарын жеткізіп отырыпты. Фермерлер етке дейін әкеліпті. Тіпті далада арнайы қой да сойған.

Әмина, Пионер кентінің тұрғыны:

-Мен бүгін келген балаларға соларға түскі ас  дайындап жатырмын. Ет әкеліп берді, қозы әкеліп берді соларды сойып, соған түскі ас даййындап жатырмын. Ол кісілер қандай қызмет жасаса, оларға сондай қызмет жасап жатырмыз.

Өрт сөндірушілер бұдан да ерте қайтулары керек еді. Бірақ, үйге қайтар жолда  Алғабас ауылында  тұтанған өртке жіберіпті.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...