ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҰЛЫТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

21:11, 8 шілде 2021

Ұлытау ауданындағы жағдай тұрақталды. Түнде өрт ошақтары елді мекендерге жақындады, бірақ бүгінгі таңда қауіп жоқ. Өрттің алдын алу жұмыстары жалғасуда, күш пен құрал жеткілікті. Облыс әкімі Ұлытау ауданына арнайы барып, жағдайды жіті назарға алды

Қарағандыдан Ұлытау ауданына көмекке жеке құрамның 42 адамы мен үш бірлік техника жөнелтілді. Жезқазған және Сәтбаев әкімдіктері 20 тонна жанар-жағар май мен азық-түлікті ұйымдастырды. Тұрғындар үшін ешқандай қауіп-қатер жоқ.

Мұрат Қатпанов, Қарағанды облысы бойынша ТЖД басшысы:

– Ұлытау ауданында алты өрт ошағы бақылауда - бұл төрт табиғи өрт және екі жергілікті. Біреуі (Сәтбаев жанындағы) сөндірілді. Бөрсеңгір ауылы маңында өрт сөндіру жұмыстары аяқталуға жақын. Кеше Пионер және Байқоңыр ауылдарына өрттің жақындау жағдайлары болды. Қазіргі таңда елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ.

Шеңбер ауылдық округінде дала өртінің тағы бір ошағы тіркелді. Өрт Қостанай облысы жағынан келді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер және орман шаруашылығының қызметкерлері жұмыс істеуде. Елді мекенге төніп тұрған қауіп жоқ.

Азамат БЕЙСАЛ, орманшы:

-Еріктілер жеткілікті. Жергілікті ауыл шаруашылықтары жұмысқа қосылды, барлығы көмектеседі. Бәрі жеткілікті,  тамақ бар.

Сондай-ақ, облыс әкімі әуеге көтеріліп, Амангелді ауылдық округіндегі жағдаймен танысты. Мұнда түнде өрт шыққан болатын. Қазір өрт ошағы толықтай сөндірілді. Ұлытау ауданы бойынша барлығы 6 өрт ошағы бақылауға алынған. Оның ішінде төрт дала өрті және екі өрт ошағы бар. Сәтбаев қаласы маңындағы өрт ошағы сөндірілді. Ал, Борсеңгір ауылының маңындағы өрт ошағын өшіру жұмыстары аяқталу сатысында. Қауіпті учаскелерді жою үшін қажетті күштер мен құралдар жеткілікті.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...