ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

13:22, 17 ақпан 2021

Жәйрем кентінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен биыл ... жоба жүзеге асырылмақшы. Ілкімді бастаманың қарқынды дамуына ауылдың ақсақалдары мен әжелерінің қосып жатқан үлестері зор. Жергілікті мәдениет үйінде түрлі шеберлік сағаттарын өткізеді

Тұяқ Мұздарап қазақтың төл өнерін жаңғыртып жүрген жан. Шебер қамшы ноқта өру ісін жасынан жанына серік еткен. Қамшы мен жүген өреді, ер-тұрманды әдемі етіп әзірлейді. Биыл зейнеткерлікке шыққан қария түбегейлі осы іске бет бұрып, ұрпақ жадынан өше бастаған ұлттық құндылықты қайта жаңғыртпақшы. Жәйрем кентінің әкімдігі шағын шеберхана ашуға да көмек көрсетпек ниетте. Сәтін салса білген-түйгенін жастарға үйретіп, ұстаздық етпекші.

Тұяқ МҰЗДАРАП, шебер:

Ал, Ержан Исхан қолөнердің қадірін арттыру үшін заманауи технологияны пайдаланып, қазіргі уақытқа сай икемдеп тігеді. Ұлттық бұйымдарды бүгiнгi заманның тынысымен үндестiрсе өтімді болатынын ұққан.  Кезінде тек Наурыз мерекесінде ғана тапсырыс болатын болса, қазір ұлттық үлгідегі кез келген бұйымдарға сұраныс жоғары. Әсіресе, қыз жасауы құрақ көрпеше, перде, түрлі пішіндегі сырмақтар мен қоржын қалталардың түр-түрін тігіп, нәпақа тауып жүр. Шебер қазір Жәйрем кентіндегі мәдени сауықтыру орталығында үйірме жетекшісі. Тек оқушыларға ғана емес ауылдың үлкендеріне сабақ өткізеді.

Ержан ИСХАН, қолөнер шебері:

Жәйрем кентіндегі мәдениет үйінде аталар мен әжелер аптасына бір жиналып, 4 сағат бойы түрлі үйірмелер өткізеді. Әжелер «Сырға салу», «Бесік той», «Құдай күту» тәрізді қазақтың салт-дәстүрлерімен жөн-жоралғыларын көрсетеді. Ырым-тыйымдарын жас ұрпақтың санасына сіңіреді. Құрақ көрпе тігу, жүн иіру, тоқыма тәрізді қолөнердің бірнеше түрін меңгереді.

Әсемгүл ОЛЖАБАЕВА, зейнеткер:

Әжелер ансамблінің шығармашылықтарында да жаңалық көп. Ерекше дауыс үні бар, күміс көмей өнер ұжымның қоржынында 15-ке жуық халық әні бар. Қала, ауылдарға гастрольмен барып та келген. Жиналған қаржыны қайырымдылық шараларына жұмсайды екен. 

Жаңгүл КӘРІБАЕВА, зейнеткер:

Ансамбль 2018 жылы Алматы қаласында өткен республикалық байқаудан жүзден жүйрік шыққан. Жуырда онлайн концерт беруді көздейді. Қазір дайындық қызу.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
15:35, 24 ақпан 2021
БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...