ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

16:19, 30 сәуір 2021

Ардагер – ұстаз Оралхан Бартаеваның «Өмір-өзен» жыр жинағының тұсауы кесілді. «Ақ параққа түскен ой» атты әдеби-сазды кеште ақынның өнегелі өмірі мен шығармалары орындалды. Оралхан Бартаева Саран қаласындағы Абай Құнанбаев атынддағы №4 мектепте еңбек еткен. Іс-шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты

Іс-шарада ардагер-ұстаздың «Өмір-өзен» кітабының тұсауы кесілді. Онда арнаулар мен түрлі тақырыптағы жырлар жинақталған. Кітаптың жарыққа шығуына мектеп ұжымы қолдау көрсетіпті. Оқушылар ақынның шығармаларын оқып, әннен шашу шашты. Сондай-ақ, өздерін қызықтырған сұрақтарға тұшымды жауап алды.

Әділ ЖАҚҰЛАЕВ, мектеп директоры:

-Қарағанды облыстық білім басқармасы мен білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы бірлесіп  шығармашыл ұстаздарға арналған «Жыр-жалын» әлеуметтік жобасын қолға алып жатыр. Бүгін біз осының аясында Абай атындағы №4 мектепте ұзақ жылдар қызмет еткен Оралхан Бартаеваның шығармашылығына арнап кеш өткіздік. Ол кісінң «өмір-өзен» атты кітабы жарыққа шықты. Негізгі мақсат жас өскелең ұрпаққа жерге, елге, тілге деген сүйіспеншілікті арттырып, патриоттық сезімдерін ояту.

Оралхан Бартаева – 68 жаста. Жалпы ұстаздық еңбек өтілі 40 жыл. Ал 2003 жылдан бері осы Саран қаласындағы №4 мектепте ұстаздық еткен. Шәкірттерінің бойына білім мен қатар тәлім-тәрбие беріп, парасаттылықты сіңірген. Ол киелі білім ордасында оқушыларды оқытумен ғана емес, өзінің жанына жақын ақындық өнермен де айналысқан. Қазіргі уақытта шәкірттері мен әріптестері  әуесқой ақынның шығармаларын сүйсіне оқиды. Ол –көптеген әдістемелік жинақтардың авторы. Оралхан Бартаева бүгінде зейнетте болса да, қол қусырып бос отырмай, еңбек етуде.

Оралхан БАРТАЕВА, ардагер-ұстаз:

-Бүгін менің шығармашылық шағын кешім өтті.Ұйымдастырған мектеп ұжымына алғысым шексіз.Еңбегімді елеп, жастарға насихаттап жатыр.Ұстаз үшін бұдан асқан бақыт жоқ.Баршаңызды алда келе жатқан мерекемен құттықтаймын.Еліміз аман, жеріміз тыныш болғай.Алдағы Қазақсатн халқының бірлігі құтты болсын.

Өмірі ізгілікке толы асыл ұстаз кеш соңында барша мектеп ұжымымы мен жақындарына шексіз алғысын білдірді. Айта кету керек, іс-шара барлық санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылды.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар