ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

12:21, 8 қыркүйек 2021

Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияның 360 жаңа жағдайы тіркелді, ал 718 адам дертті жеңіп шықты. Теміртаулық дәрігерлер вакцинацияланбаған тұрғындарды екпе алуға шақырады. Олар рейд жүргізіп, халыққа иммундаудың пайдасы туралы жеткізді

№4 емхананың әлеуметтік қызметкерлері әр үйдің пәтерлерін аралап, Теміртау қаласының тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алуға шақырды. Себебі вакцинация орталықтарына асықпайтындар жетіп артылады. Раиса Пономарева металлургтер шаһарындағы 9 шағын ауданда тұрады. Ақ халаттылардан ақпарат алды. Енді дертке дауа болар екпе екенін түсініп, бастапқы ойын өзгертті.

Раиса ПОНОМАРЕВА, Теміртау қаласының тұрғыны: 

-Мен ертең ұлыммен бірге барамын. Екпе алуды осы уақытқа дейін кейінге шегіндіріп келдім. Міндетті түрде аламын. Ол мен үшін және балам мен туыстарым үшін қажет. Оның тиімділігі зор. Барлығын екпе алуға шақырамын.  

Рейд барысында мамандар тұрғындар арасында екпенің тиімділігін айтты. Оның кез-келген ауруға ем екендігін де жеткізді.  

Айбота ЕРБОЛ, әлеуметтік қызметкер:

-Рейдтік шара барысында біз оларға түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Вакцинация орталығына шақырдық. Оның тиімділігі турасында айттық.

Осындай рейдтік шараларды мамандар күн сайын жүргізеді. Ал құрышты қала бойынша осы күнге 60 мыңнан астам адам екпенің бірінші, 51 мыңнан астамы екінші компонентін алып үлгерген. Теміртауда бүгінде 4 вакцинация орталығы жұмыс істейді.

 Сейітқали ӘШІМ  

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
17:46, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
15:50, 25 қараша 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Толығырақ...