ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ТҮТІНІ ТҮЗУ ҰШҚАН АУЫЛ

15:55, 21 шілде 2021

Жаңаарқа ауданына қарасты Ақтүбек ауылында әбден ескірген ғимаратты жөндеп, орнына күрес залын ашқан. Елді мекеннің спортқа қызығушы жастары боз кілемде жаттығып жүр. Ішкі жолдар да биыл жаңарыпты

Бұл аядай ғана залда Ақтүбек ауылдық округінің 70 баласы жаттығады. Боз кілем және өзге де қажетті заттардың барлығы жаңа. Дзюдо мен қазақша күрес. Бұнда күрестің екі түрін үйретеді. Жаттықтырушысы осы ауылдың тумасы. Зал биыл ғана ашылыпты. Сол себепті де спортшылар әлі жарыстарға қатысып жүрген жоқ. Енді ғана тәжірибе жинап келеді.

Арыстан САҒЫНДЫҚОВ, жаттықтырушы:

-Залымыз осы кәсіпкерлер атынан ремонттадық. Біз негізі қазақ күресімен айналысамыз. Бірақ, дзюдо, қазақша күрес екеуі бірге жүргендіктен бірге жүреміз. Біз жарыстарға қатты шығып жатқан жоқпыз, карантинге байланысты 1-2 жарыстарға шықтық. Биыл сентябрьде зал ашылған, содан бастап жұмыс істеп жүрдік.

Арыстан Сағындықовтың  баласы осы залда жаттығады екен. Ол осындағылардың арасындағы тәжірибесі мол спортшылардың бірі. Өйкені ол боз кілемге 6 жасынан келіпті. Бүгінде 14-те.

Нұрасыл ТӨРЕБАЙ, спортшы:

-Бұл спортпен атам бәрі қатысқан. Сол үшін папамның жолын қуып келе жатырмын. Менің арманым «Қазақстан барысы» болу. Соған дайындалып, «Қазақстан барысын» ұтуға дайынбыз. Қанша еңбек етіп, тер төгіп бапкерімнің айтқанын тыңдап, жарыстарға шығып, «Қазақстан барысына» бару керек.

Бұл ауылдың ішкі жолдары жаңартылған екен. Жалпы ұзындығы 6 шақырымды құрайды.  Оған 148 миллион теңге жұмсалыпты. Ауыл ақсақалдары  елді мекеннің даму қарқынына оң баға беріп отыр.

Сейфулла ЕСЖАНОВ, ауыл тұрғыны:

-Ауылымызда қазір мынау асфальт бар. Және ауылда көше свет бар. Екі ауылда да, ескі ауылда да свет бар. Бәрі жақсы. Спортзал істеп тұр. Мектеп істеп тұр. Медпункт істеп тұр.

Ақтүбек ауылдық округінде 1948 тұрғын бар. Бұнда көбі ата кәсіппен айналысады. Яғни, мал бордақылау немесе қымыз бен сүт саудасы. Тұрғындардың сөзінше бұнда көшіп келушілер жылдан-жылға артып келеді.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРТІПКЕ ШАҚЫРАТЫН КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ
15:30, 10 қыркүйек 2021
ТӘРТІПКЕ ШАҚЫРАТЫН КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...