ТУРИЗМ ТӨРЛЕЙДІ

13:33, 4 мамыр 2021

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Балқаш қаласына жасаған жұмыс сапары барысында өңірде туризмді дамыту жөнінде арнайы кеңес өткізді

Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков биыл өңірдегі  Бертіс шығанағы аймағындағы туристік нысандарды электр желісіне қосу мен сумен жабдықтау мәселесі тұрғанын айтты.

Ораз ТӘУІРБЕКОВ, Балқаш қаласының әкімі:

Кеңесте Балқаш қаласына Тораңғалық және Шұбар-Түбек кенттерін қосу мәселесі көтерілді. Бүгінгі таңда осы ауылдарда жағалау аймағын егжей-тегжейлі жоспарлау жұмыстары қолға алынбақ. Балқаш көлі маңында жеке инвестиция тарту арқылы 12 демалыс аймағы салынбақ.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Бұл жерде жұмыс дұрыс жолға қойылғанға ұқсайды. Оны әрі қарай жалғастыру қажет. Оған барлық мүмкіндік бар.  

Облыс басшысы Тораңғалықта ауылдың сыртқы келбетіне назар аударуды қадап тапсырды. Кеңесте көтерілген тағы бір мәселе – ұялы байланыс пен интернеттің қолжетімділігі болды. Сондай-ақ, туристерге ыңғайлы болу үшін Балқаш аэровокзалын қайта жаңғырту  жоспарлануда. Өткен жылы ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары аяқталған.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар