ТҰРҒЫНДАР НАРАЗЫ

17:35, 8 қараша 2019

Жаңаарқа ауданы орталығының тұрғындары жеке кәсіпкердің өз ісін дөңгелетуге қарсылық білдіріп жатыр. Халықтың айтуынша, тұрғындардың өтінішін ескермеген аудан әкімі оларды кездесуге шақырып, мәселені түсіндірмек болған. Бүгінгі таңда жұмысты тоқтаттық деп ауыл әкімі жұртшылықты сабырға шақырса, аудан әкімі тоқтатылып тұрғанның өз себебі бар дегенді алға тартты

Деп қарсылық білдірген тұрғындар әкімішіліктен 600 мың теңгеге аукцион арқылы сатып алған жеке кәсіпкерге рұқсатын бермей әлек. Тұрғындардың айтуынша, о бастан бас жоспарда су құбырының бары ескерілмей, жолдың жиегінен бастап 300 шаршы метр өлшеп, қазып қойған. Кейін жұртшылық жер астында су құбырының жатқанын естірткенде ғана алынған жер керісінше, үйлерге қарай жылжыған.

Береке КАДРИН, тұрғын:

-Менің үйімнің іргесінен 12 метр ғана қалдырып тұр. Мын жерден көлік өте алмайды. Жердің астында су бары бас жоспарда белгіленбеген. Біздің айтуымызбен құрылыс болатын нысанды жылжытып жіберді. Негізі 20 метр болу керек. Ол тәртіп орындалып ждатқан жоқ.

Мұса БАЙТӨЛЕУОВ, тұрғын:

-Бұны әкім ойлану керек. Халықпен санасу керек. мБасқасын қояйын. Әкімнің ойламайтындығы. Ана жерде баланы қақты. Осыны ойлайтын әкім қайда?

Құрылыс бастар алдында біздің келесімімізді алмай, санаспады -деген жұршылық әкімшікке ашулы.

Мәрия КӘЗИЕВА, тұрғын:

-Бізден ешқандай рұқсат сұраған жоқ. Мектепте мың бала оқиды. Қазандық салады екен бұлар сасытып. Қаншама жын ойнақ болады екен. Балалардың жүретін жолына кедергі емес пе? Адам өліп жатса жақсы ма?

Бақыт КӘНИМОВА, тұрғын:

-Мыналардың біреуі келіп ешқайсымыздан рұқсат сұраған жоқ. Өздерінше келіп салып жатыр. Сол дұрыс па? Ертең бұлар басын бір сұққаннан кейін бітті ғой. Соза береді.

Тіпті,  мектептің директоры да өз қарсылығын білдіріп отыр.

Ырысқали РАХИМОВ, Жұмабеков атындағы мектеп директоры:

-Көптеген балалардың жүруіне кедергі. Мың балаға ата – аналар машинамен келеді. Мына жер тарылп бара жатыр. Мына жақта жол. Осының бәріне кедергілерін көрсетіп тұр.

Әлбетте, ауыл әкімінің орынбасары халықтың ойымен санасып, құрылыс биылға тоқтатылды десе, аудан әкімі жұртшылықтың келісіміне мұқтаж еместігін басып айтты.

Юржан БЕКҚОЖИН, Жаңаарқа ауданының әкімі:

-Бұл жерде халықтың келісім керек жоқ. Өйткені үйінің жанына салып жатқан жоқ. Жолды жауып жатқан жоқпыз. Халыққа сала берсек, біз ештене салмауымыз керек пе сонда?

Тіпті барлық құжаттар мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау басқармасына кеткенін мәлімдеген аудан әкімі, құжаттар реттелген бойда құрылыс басталатынын айтты.

Юржан БЕКҚОЖИН, Жаңаарқа ауданының әкімі:

-Жерге құрылыс беретін ГАСК деген тексеретін мекеме бар. Ол болыста. Соған өтініш беріп қойған ол азамат. Менің білуімше. Содан келгеннен кейін, құрылысты бастайды.

Аудан әкімінің сөзін тексеру мақсатында аталған басқармаға қоңырау шалдық. Ондағылар осы күнге дейін ешқандай құжаттың келмегенін алға тартты. Алайда, келісімін бермеген тұрғындар басқармаға шағым жазсын деген кеңес берді. Енді Қарсылық білдірген тұрғындар мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау басқармасына наразылықтарын білдіріп, арнайы хаттаманы  толтырулары тиіс. Сонда ғана бақылау басқармасы өкілдері тәртіптің сақталғаны немесе сақталмағаны жайлы қортынды жасап береді.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар