Балқаш қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін қалыпқа келтіру жұмыстары қарқынды. Қазынадан қарастырылған қомақты қаржының арқасында баспаналардың келбеті жаңарып, өңірдің өңін кіргізді. Жоспарлы істердің сапасын бірінші болып біздің түсіру тобымыз байқап қайтты.