ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ КІМГЕ ТИЕСІЛІ?

11:56, 2 шілде 2021

Тұрғын үй сертификаты кімдерге тиесілі? Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті отырысында баспана сертификатының мөлшері мен алушылар санатын айқындау мәселесі талқыланды

2019 жылғы 3 сәуірде" тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына өзгерістер енгізілген болатын.  Маңызды құжат азаматтардың тұрғын үй сертификатын алу құқығын іске асыруға мүмкіндік беретін баппен толықтырылды. Аталған баптың нормасын іске асыру үшін халық қалаулылары  заң аясында   бірқатар шешімдер қабылдады.  

Жанай ЫСҚАҚОВ, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

-2019 жылдан бастап "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға сертификаттар беріліп  келеді.  Отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген көрсеткішінен аспауы тиіс  яғни, 106 336 теңге.

Тұрғын үй сертификатын алу құқығына көпбалалы, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандарды тәрбиелеп отырғандар ие бола алады. Несие  «Отбасы банк» мақұлдағаннан кейін ғана беріледі.

Жанай ЫСҚАҚОВ,  қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

-  Тұрғын үй сертификатын алу тетігі  мынадай.  Алдымен өтініш беруші "Отбасы банкіне" өтінім береді. Қайталама қарыз беруді мақұлдауға хабарлама берілгеннен кейін берілген тұрғын үйді "Отбасы банкіне" кепілге қояды және бастапқы жарна мөлшерінде сатып алынатын тұрғын үйдің мекенжайын көрсете отырып, банктің хабарламасын алады. Хабарламамен тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне немесе ХҚКО-ға тұрғын үй сертификаттарын алу туралы өтініш береді.

Алқалы жиын барысында қалалық мәслихат депутаттары бұл жеңілдікке ие болу, табыс деңгейі төмен адамдар үшін баспаналы болудың тиімді жолы екендігін атап өтті.  Облыс орталығындда олардың санын арттыру қажет деп санайды. Бұл орайда ақпараттық түсіндіру шаралары кеңінен насихаттау да көзделіп отыр.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:

- Депутаттардың алаңдауына негіз бар. Бүгін бізді ресми түрде бағдарлама орындалатынына сендірді, бөлінген  150 миллион теңге игерілетін болады, біз бәрін жазып алдық. Бұл мәселеге қайта ораламыз.

Отырыс қортындысы бойынша халық қалаулылары уәкілетті органдарға тұрғын үй сертификатын рәсімдеуді оңтайландыруды ұсынды.   Сертификат  алу құқығына ие болатын санаттағы азаматтарға кешенді жағдай жасауды тапсырды. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарын бекіту туралы бұйрығы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралады.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар