ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ЖІТІ НАЗАРДА

13:25, 23 ақпан 2021

Қарағанды облысының жеті мыңнан астам тұрғыны зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға пайдаланбақ. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте тұрғын үй құрылысын арттыру және жақсарту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқанын баяндады

Облыс тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бірнеше мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Олардың ішінде өз пәтерін сатып алуға немесе қолда бар пәтерді кеңейтуге жеңілдікпен берілетін қарыздар бар. Кейіннен сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға берілетін тұрғын үй де ұсынылады.

Абзал ЖАЙЛЫБАЕВ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны жыл сайын өсіп келеді. Бүгінде бұл облыстың 36 233 тұрғыны. Биыл кезекте тұрған 2,9 мың адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Сондай-ақ, ауылда тұрғын үй салу кезінде шығындардың 50%-ын субсидиялау жоспарланған. Өткен жылдан бастап «Отбасы банкі» «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағытын іске асыруда. «Шаңырақ» кезекте тұрғандарға жеңілдетілген ипотека алуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде 260 өтінім берілді, 41 өтінім мақұлданды.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

 - Қалалар мен аудандардың әкімдеріне өңір тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет. «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» бағдарламалары уақтылы және сапалы іске асырылуы тиіс. Халықты мемлекеттік бағдарламалар туралы әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы хабардар етуді қамтамасыз ету қажет.

Енді тұрғын үй кезегінде тұрғандар туралы барлық деректер бір жерге біріктіріледі. «Отбасы банкі» базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай орталық құрылады. Мұнда кезекте тұрғандар бойынша барлық деректер енгізіледі. Сәйкесінше, тұрғын үй кезекке қойылған күні бойынша бөлінетін болады.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
15:35, 24 ақпан 2021
БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...