ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

17:30, 8 қазан 2021

Балқаш қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 90 отбасы жып-жылы жаңа баспанаға жайғастырылады. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы тұрғын үй құрылысының тамырына қан жүгіртті

Балқаш қаласында былтыр бес қабаттан тұратын екі баспананың құрылысы басталған. Несиелік 90 пәтерлік екі үйдің ішкі әрлеу жұмыстары стандартқа сай жасалды, - дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Саятбек Мусин.

Саятбек МУСИН, Балқаш қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

-Ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Енді сыртқы абаттандыру  жұмыстары басталады. Бұл үйлердің жұмыстары талапқа сай жасалып жатыр. Өздеріңіз көріп тұрғандай, кірпіштен жасалған. Жылуды ұстап тұратын құрылыс материалдарының қалыңдығы 10 сантиметр. Қабырғасының қалыңдығы 60 сантиметрден асады.

Құрылысы құлашын кеңге сермеген тұрғын үйлер түгелдей сапалы материалдардан тұрғызылыпты. Себебі баспаналар қақаған қыс пен жаздың аптап ыстығына шыдас береді. Бұл мақсатты жұмыстарды іске асыру үшін облыстық бюджеттен 1 миллиардтан астам қаржы қарастырылған.

Жандос МАРАТБЕКҰЛЫ, «Балқаш жібек жолы» ЖШС өкілі:   

-Қазақстанның өнімдері  барлық материалдар. Өз өнімдеріміз. Бір жарым жыл ішінде 90 пәтерлі үйді салып тастадық. Құрылысқа 100 адам жұмылдырылды. Жұмыстың сапасы өте жоғары деп айта аламын. Себебі өзім басы-қасында жүрдім.

Ал несиелік қос тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Бір, екі және үш бөлмелі кең баспаналар кезекте тұрған отбасыларға беріледі. Бұған қоса мысты өңірде тағы екі үйдің құрылысы басталған. Бүгінде Балқашта 7 мың адам «Отбасы» банкінен есепшот ашып үлгеріпті. Айта кетейік, шаһарда 1600-ден астам азамат пәтер кезегінде тұр.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...