ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

16:39, 6 желтоқсан 2021

Қарағанды облысының экономикасы тұрақты дамып, оң динамика көрсетуде. Биылғы жылдың алдын ала болжамы бойынша жалпы өңірлік өнім 2 % өсімді құрамақ. Аймақтың 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері кезекті аппараттық жиында талқыланды

Индустриялды аймақта биыл да өндіріс көлемі айтарлықтай арта түскен. Мәселен, көмір, мыс және марганец кендерін өндіру ұлғайған.   Металдан жасалған жалпақ прокат, болат және шойын, сондай-ақ цемент, кальций карбидін шығару көрсеткіші оң жолға қойылған.

Азамат МҰҚАНОВ,  облыстық экономика басқармасының басшысы:

-   Өнеркәсіпте 3,7 трлн теңгеге өнім көлемімен 1%-ға өседі деп болжануда. Өңдеу өнеркәсібінде 1,2%-ға, тау-кен өнеркәсібінде 0,5%-ға өсу күтілуде. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,9%-ға артып, шамамен 653 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ өңірде тұрғын үй құрылысы да қарқынды. 11 айда 510 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға артық. Ауыл шаруашылығы, сауда, көлік нарығындағы ахуалда оң динамика байқалады. 

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-  11 айдың қорытындысы бойынша барлық негізгі бағыттар бойынша экономика өсімі қамтамасыз етілді. Карантин кезеңіне байланысты қиындықтарға қарамастан, көлік саласы одан әрі дамыды. Тұрғын үй құрылысы бойынша өткен жылға қарай алға басып келеміз. Жалпы құрылыс көлемі бойынша Қарағанды облысы елімізде 4-орында.

Облыс әкімі бұл өсім көрсеткіштерін одан әрі тұрақты қамтамасыз етіп, алдағы межелі міндеттерді де орындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Айта кетейік, Қарағанды облысында биыл экономика өсімі 3,4%-ға орындау  жоспарланған.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
17:24, 20 қаңтар 2022
ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
14:22, 17 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
Толығырақ...