ТУ МЕН ВЫМПЕЛ ТАБЫСТАЛДЫ

11:28, 5 ақпан 2021

Мартбек Мамраев атындағы әскери-техникалық мектептің ұжымы 2020 жылдың қорытындысы бойынша 14 филиал арасында үздік атанды. Олар он әскери-есептік мамандық бойынша сынға түскен. Әскери мектепке арнайы ту мен вымпел табысталды

Ту  мен вымпелді бірінші орын үшін запастағы генерал-лейтенант Болат Дарбеков табыс етті. Марапатқа Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамраев атындағы әскери-техникалық мектептің ұжымы ие болды.

Әскери-техникалық мектеп он әскери мамандық бойынша даярлықты айтарлықтай жандандырды. Өткен жылы төрт мыңға жуық әскери-техникалық резервті іс жүзінде дамытуға қол жеткізілді. Пулеметшілерді, атқыштарды және гранатометшілерді дайындау бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.

Болат ДАРБЕКОВ,  ҚР ҚМ ӘТМ Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас директоры:

-Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша мен 18 әскери тіркеу мамандықтарын көбейту туралы ұсыныс жасадым, бірінші кезекте материалдық-техникалық және жауынгерлік пайдалану бейімділігін қолға алу керек. Осы ұсыныс бойынша Бас штаб бастығының жұмыс тобы құрылды. Менің пікірімше, 2021-жылдың бірінші тоқсанында әскери дайындықтан өткен резервке дайындық бағдарламасының екінші бөлігі жұмыс тәртібіне күшіне енеді.

Генералдың қолынан вымпельді филиал басшысы отставкадағы полковник Амангелді Жантасов алды. Генерал сондай-ақ дайындыққа көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіріп, подполковниктер Рустам Жалбинов пен Дмитрий Буксманға "Қол жеткізген табыстары үшін" медальдарын табыс етті.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...