ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ТІЛ МӘСЕЛЕСІ - ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

11:45, 7 шілде 2021

Қазақ тілінің мәртебесін арттыру баршаға ортақ міндет. Қарағандыда мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия отырысы өтті. Онлайн форматтағы басқосуға билік өкілдері, қоғам белсенділері мен тіл жанашырлары бас қосты. Мемлекеттік органдардағы іс қағаздардың сауаттылығы және ақпарат пен жарнамаларда тіл нормаларының сақталуы назарға алынды

Комиссия отырысында қазақ тілінің мәртебесін қайтсек арттырамыз деген басты сауал жан-жақты талқыланды. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Гүлнәрайым Қаңтарбекова тіл саясатын іске асырудағы 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізінде жүзеге асырылып жатқан шаруаларға тоқталды. Қарағанды, Қаражал және Нұра ауданы әкімдіктерінің құрылымдық бөлімдерінде профилактикалық бақылау жұмыстарын саралады. Бұл орайда барлығы 13 мекеме тексеріліп, тіл заңнамасын бұзу бойынша 13 дерек анықталған. 

Гүлнәрайым ҚАҢТАРБЕКОВА, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы:

-  Қаражал қаласы бойынша да осындай  кемшіліктер кездеседі. Мысалы, қала әкімінің аппараты  99%,  ТКШ, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі 92%, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдері 94%,   дене шынықтыру және спорт бөлімдерінде 100% деп шығыс құжаттары мемлекеттік тілде деп бергенімен мынау  аппараттың және бөлімдердің  шығыс құжаттарында  орыс тілінде рәсімделіп, базаға қазақ тілінде деп тіркелген фактілері айқындалып отыр. 

Аталған мемлекеттік ұйымдарда еңбек өтілін анықтау жөніндегі іс-қағаздар, қызметтік жазбалар, лауазымдық нұсқалар, бұйрықтар, түсініктемелер және тіркеу журналдарының барлығы тек орыс тілінде жазылған. Орысша жазылған кіріс хаттарды қазақ тілінде келді деген жалған ақпараттар  фактісі анықталған. Басқарма басшысы Гүлнәрайым Хасенқызы мемлекеттің тіл үлесінің төмен болуы ең алдымен мекемелердің бірінші басшылары тарапынан талаптың жоқтығынан екенін айтып, жалған мәлімет бермеулерін тілге тиек етті. Бұл орайда қатаң жауапкершілік жағын да ойластыру қажет, - дейді облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов.

Абзал НҮКЕНОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

Заңда бар мүмкіндіктерді  асыра сілтемей, орнымен дұрыс пайдалану керек. Жұмсақ шаралармен бірге заңның толыққанды күшін, мүмкіндіктерін  пайдалана  білуіміз керек. Шарасыздық танытпауымыз керек.  Осы бағытта  аудан, қала әкімдіктеріне осы комиссияның тапсырысы, сол бағытта жұмыс жүргізіңдер.

Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе көрнекі ақпарат пен жарнамаларда тіл нормаларының сақталуы. Бұл бағытта да жұмыстар үздіксіз ұйымдастырылып тұрады. Облыс орталығының өзінде 3 мониторингтік топ жұмыс істейді. Алайда заң шеңберінде нақты жауапкершілік болмағандықтан кәсіп иелері кеткен кемшіліктерді түзетуге құлықсыз дейді. Жеке кәсіпкерлік нысандардың мемлекеттік тілде қызмет көрсету мәселесі де көтерілді.    

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...