ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ТІЛ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰҒЫРЛЫ ТІРЕГІ

16:11, 22 қыркүйек 2021

Облыстық «Сарыарқа» телеарнасының Сарыжайлау кинотеатрымен бірлескен «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы жалғасуда. Біздің кейіпкерлер - Егемендігіміздің дамуына үлесін қосып жүрген белсенді жастар. Айталық, облыстық тілдерді оқыту орталығының маманы Мунира Ағымбаева ана тілінің мәртебесін биіктетіп, өзгелердің тілді еркін меңгеруі жолында еңбек етіп жүр

Мунира Ағымбаева Облыстық тілдер оқыту орталығының әдіскер-ұстазы. Жас маман 2015 жылы осы жерден іс-тәжірбиеден өткен. Тиянақтылығы мен жұмысына деген жауапкершілігінің арқасында басшылық қызметте қалған. Қазір ол мемлекеттік қызметшілер мен жеке тұлғаларға қазақ тілі курстарын жүргізеді. Жастайынан әдеби көркем шығармаларды қызыға оқып өскен Мунира Шайхисламқызы мамандығым-мақтанышым,-дейді.

Мунира АҒЫМБАЕВА, облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері:

-Біріншіден менің мамандығым филолог.Мен бұл мамандықты бала кезімнен армандадым.2015 жылы  іс-тәжірбиеден өтетін кезде бізге бірнеше мекемелерді таңдауға мүмкіндік болдыы.Ол, мектеп, тіл орталығы, университетте сабақ беруге болады деді.Мен осы тілдер орталығын таңдадым.Содан соң осы жерде аудиториямен жұмыс, сабақ жоспарларын барлығын бақылап қарап жүрдім.Өзіме қатты ұнағандықтан,осы орталықта қызмет жасауды дұрыс деп щещтім.

Тілдер орталығында жұмыс істеп жатқанына көп уақыт өтпесе де өз саласында біраз жетістіктерге қол жеткізіген. Мысалы, 2019 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық байқауында, ал 2020 жылы «Мың бала» республикалық конкурсында «Үздік оқытушы» аталымында жеңімпаз атанған. 2020 жылы өткен Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» байқауында үздік шыққан. Сонымен қатар, өткен жылы сот саласы мамандарымен бірлесіп, кәсібилікке бағытталған қазақ тілі әдістемелік кітабын шығаруға атсалысқан.

Мунира АҒЫМБАЕВА, Облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері:

-Мысалы, қарап отырсаңыздар, шет тілдерін оқуда үйренушілер тез қабылдайды.Мен осыны ұзақ ойлап, қарадым.Неге мысалы, біздің қазақ  тілін үйретуде осындай ерекше, қызықты әрі тез ұғаиын методиканы жазбасқа? Мен өзім түрік тілін қызығып үйреніп жүрмін.Болашақта осы қазақ тілді жеңіл үйренетін методиканы жазсам деймін.Енді осындай жетістіктеріміздің барлығы Тәуелсіздіктің жемісі.Бүгінде тілді оқимын, үйренемін деген адамға бәрі бар.Тек Ынта, Қызығушылық, еңбек керек.

Филология ғылымдарының магистры Мунира Шайхисламқызы бос уақытында ән айтқанды, әрі арт-веб дизайнмен айналысқанды ұнатады. Айта кеткен жөн, тіл орталығындағы оқулықтардың дизайнын бағдарламашымен бірлесе отырып өзі жасаған.

Мунира АҒЫМБАЕВА, Облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері:

-Мен бос уақытымда өнермен айналысұанды ұнатамын.Оның ішінде арт-веб дизайн.Қазір осы орталықтағы мына баннер, плакаттар, кітаптардың дизайнын өзім жасаймын.

Алмагүл ИГЕНОВА, облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры:

-Мунира бізге 2015 жылы іс-тәжірбиеден өтуге келді.Сол кезде өзін жақсы қыррынан көрсете білді.Біз Мунира Шайхисламқызының бойындағы шығаршылық қасиеттерін байқап, әдіскерлікті жүктедік.Ол жас та болса, бірден алып,меңгеріп кетті. Мына жаңа методикалық кітапшаларды біз республика бойынша бірінші шығардық.Мұның ерекшелігі кюар код арқылы кіріп, қажетті ақпаратты ала алады.Міне, осы медотикалық жинаққаМунира Шайхисламқызыының еңбегң зор.

Болашақта Мунира Шайхисламқызы тілді оқытуға арналған, қызықты да жүйелі әдістемілік жинақ шығаруды ойластыруда.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...