«THEATRE EXPOSED» ЖОБАСЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

16:39, 7 сәуір 2021

Станиславский атындағы орыс драма театрының әртісі Руслан Маевский "Theatre Exposed" жыл халықаралық байқауында жеңіске жетті. Ол өнер сайысына өзінің 20 туындысын жіберген. Сегіз қырлы, бір сырлы театр әртісінің жеңісі жайлы келесі сюжетте

Руслан Маевский театрда 2018 жылдан бері қызмет етеді. Көрермендері оны «Мамаша кураж», «Сон в летний дождь», «Ревизор» қойылымдары арқылы таниды. Әртіс «Theatre Exposed» жобасы жайлы театр директоры Дунай Еспаевтан естіген. Өнерпаздың фотосурет жасауда идеясы кең болды. Бір ғана суреттің өзіне 10 түрлі идея ұсынған. Оның негізгі кейіпкерлері сахнадағы әріптестері екен. Халықаралық жобаға өзінің 20 шақты туындысын жіберген. Нәтижесінде екі аталымда жүлделі орындарға  ие болды.  

Руслан МАЕВСКИЙ, «Theatre Exposed» жобасының жеңімпазы:

- Түсірілім барысында мені ерекше ракурстар, белгілі бір қолжазба қызықтырды. Мен оған конкурс үшін суреттер дайындап, жұмыс істедім. Бір нәрсені немесе біреуді әртүрлі бұрыштардан суретке түсіру арқылы сіз мүлдем басқа нәтиже ала аласыз. Қажетті бұрыштарды іздеу де үлкен, бірақ қызықты. Сонымен қатар, фотосуретте өмір болғаны мен үшін өте маңызды. Сурет сөйлеп тұруы қажет.

«Theatre Exposed» байқауына қатысушылардың мамандығы мен жас ерекшеліктері маңызды емес. Суретшілер бірнеше аталым бойынша жарысты. Олар көркем фотосурет, қойылым көріністері, декорациялар,  образдар мен сахна артындағы суретшілердің, композиторлардың, режиссерлердің портреттерін жарыса бейнелеген.

Руслан МАЕВСКИЙ, «Theatre Exposed» жобасының жеңімпазы:

- Менің негізі сурет салу өнерім бұрыннан бар. Тек нақты оны қолға ала бермедім. Енді қазір өнер сахнасында жүргендіктен ұштастыруға тырысамын. Одан өзім ләззат аламын.

Сахана саңлағы алдағы уақытта тағы да басқа көркем сурет жобаларына қатысуға ниетті.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
16:04, 15 сәуір 2021
ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
Толығырақ...
ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...