ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

11:36, 26 қараша 2021

Егемендігіміздің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аяқталды. Тек Жезқазған өңірінен 8 адам осы бейнематериалдар топтамасының кейіпкері атанды. Оларды марапаттау үшін жоба ұйымдастырушылары бастаған делегация мысты қалаға арнайы ат басын тіреді. Арнамыздың эфирінен шыққан соң қарапайым металлургтер, театр актері, музей қызметкері мен көне аспаптарды жаңғыртушы - шебердің өмірінде не өзгерді?

Олар әртүрлі мамандық иесі. Қарапайым жұмыскерлер. Аз сөйлеп, көп істегенді ұнататын еңбек адамдары. Бұл күнгі салтанатты жиын да, айтылған жылы лебіздер де осы жоба кейіпкерлерінің құрметіне арналды.

Рымбала ОМАРБЕКОВА, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:

-          Жастарымыз тамаша. Ерекше біздің жастарымыз қай саланы алмасақ та. (кесіп жалғау керек) Әрбір сюжетті қарасақ, жастарымыздың ынтасын көрдік, өз саласының батыры. Өз елін, Отанын сүйе біліп, өзіміздің ой, пікірін тыңдасақ, нағыз батыр екенін байқадық. 

 «Тәуелсіздік ұрпағы» – Сарыжайлау кинотеатры мен облыстық «Сарыарқа» телеарнасының бірлескен жобасы. 7 айда аймағымыздың әр өңірінің 41 жас буын өкілі эфирден көрсетілді. 8-і Жезді өңірден шыққан өрендер. Металлургтер Нұржан Қойшыбеков, Серік Құлмағамбетов, Аян Баймырзаев, Кристина Герберсгаген, Нұрдәулет Ерғалиев, музей қызметкері  Еркебұлан Камалиев, театр және кино әртісі Ардақ Жарқынбеков пен көне аспаптардың шебері, талантты музыкант Азамат Бақия жас та болса Егемендігіміздің дамуына үлес қосып жүрген нағыз патриоттар.

Қайрат ӘБСАТТАРОВ, Жезқазған қаласының әкімі:

-          Мен үшін қуанышты. Серпілтіп тастады. Сол үшін қанаттанып тұрмын. Осы өтпелі кезеңде болашағымыз кімнің қолында болады, қандай азаматтар осы елдің тізгінін ұстайды деген сұрақ аға буынды мазалайтын кезеңдер ғой. Сондықтан да біз әрқашанда болашаққа деген үмітіміз осы өздеріңіздей жалынды жастар. Сол үшін біз болашақ алдағы уақытта ел тізгінін ұстай алатын азаматтардың бар екеніне қуаныштымыз. 

Сонымен, эфирден кейін кейіпкерлерімнің өмірінде қандай өзгеріс орын алды? Әрине, танымалдылық. Облыстық арна эфирінен көрген ауыл-аймақтағы туыстары хабарласып, таң-тамаша болған екен. Ең бастысы әрқайсысы елінің елеулісі екенін ұғынды. Бұл жобаның көздегені де осы еді - қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтеріп, талантты, білімді, білікті жастардың бар және көп екенін көрсету. 

Нұржан ҚОЙШЫБЕКОВ, Жылдың үздік металлургі, «Алтын Гефест» сыйлығының иегері:

-          Өзімізде жауапкершілік оянды, патриоттық сезім оянды. Кішкентай болсын сюжеттен өзіңді көру үлкен бақыт, үлкен жауапкершілік. Ұятқа қалмау, мені көреді, артымнан жастар келе жатыр.

Айта кету керек, «Тәуелсіздік ұрпағы» жобасы тікелей аймақ басшысы Жеңіс Қасымбектің қолдауымен жүзеге асырылды. Салтанатты жиында облыстық ішкі саясат басқармасының жетекшісі Ерлан Құсайын жобаға қатысушыларға әкімнің сәлемдемесін жеткізіп, алғыс хатын табыстады.     

Ерлан ҚҰСАЙЫН, облыстық ішкі саясат басқармасының жетекшісі:

-          30 жыл ордалы істердің 30 жылы болды. (кесіп жалғау керек) Асыл тастан, ақыл жастан деп дана халқымыз бекер айтпаған шығар. Тәуелсіздіктің ұрпақтары, құрдастары өздеріңізсіздер. Әрқайсыңыз өз ісіңіздің маманысыздар. Еркін елдің еңсесі биік, намысы, өз ұрпағы өздеріңізсіздер. Сіздерге үлкен рахмет айтқым келеді. Біріңіз металлург, біріңіз спортшы, біріңіз мәдениет қызметкері ретінде еліміздің босағасы берік, керегесі кең болуы үшін еңбек етіп жатырсыздар.

Жоба аяқталды. Алайда, кейіпкерлерімнің жететін жетістігі әлі алда. Тәуелсіздік ұрпақтары келешекте өндірісте, сахнада, музейде жүріп, ел әлеуеті мен руханятының өсуіне үлес қосамыз деп тарқасты.

Айзада ОРАЗХАНҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...