ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ

16:01, 22 қыркүйек 2021

Қарағанды облысындағы тағы бір "Тәуелсіздік ұрпағы" Олег Те. Кейіпкеріміз 2019 жылы «Жыл мұғалімі» атанған

Олег ТЕ бала кезінен тарихқа қызығушылық танытқан. Өткен ғасырлардың тарихын зерттеген. Ал, мамандық таңдауға келгенде бірден мұғалім болуды шешкен. Өйткені оның әкесі, әжесі мен үлкен атасы  ұлы мамандық иесі.

Олег ТЕ, № 97 мектеп-гимназиясының тарих мұғалімі:

- Мен үшін ең бастысы күн сайын өзіңді дамытып отыру. Мүмкіндігімше барлық педагогикалық байқауларға қатысуға тырысамын. Әрине оқушыларды да ұмытпаймын. Қазіргі уақытта оқимын дегендерге  мүмкіндік мол. Қазір біздің 97 гимназияда дебат клубын дамыту бойынша үлкен жұмыс көлемі жоспарланып отыр.

Олег жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң бірден №97 мектеп-гимназиясына жұмысқа орналасыпты. Тәуелсіздік ұрпағы тарихты тереңірек меңгеріп, оқып білгенін оқушыларға үйретуге ниетті.

Олег ТЕ, № 97 мектеп-гимназиясының тарих мұғалімі:

- Дәл қазір мен өміріме дән ризамын, жұмыстағы жағдайым, айналамдағы адамдарға көңілім толады. Мен өз ісімді ұнатамын. "Бүгінгі күнмен өмір сүр" ұранымен өмір сүрудемін.  

2019 жылы Олег "Жыл мұғалімі" атағын жеңіп алды. Бұл жеңісті ол үлкен  жетістік деп санайды. Ол еліміздің Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келгенін мақтан етеді.

 Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...