ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ

15:27, 26 қазан 2021

«Тәуелсіздік ұрпақтары» атты айдарымыздың бүгінгі қос кейіпкері таэквондодан бірнеше дүркін әлем чемпионы мен табысты дәрігер. Егемендік жылдары олар тағы қандай жетістіктерге қол жеткізді?

Денсаулық сақатау саласы еліміздегі басым бағыттардың бірі. Сондықтан оған қашанда қолдау зор, - дейді біздің кейіпкеріміз. Илья Канеев өмірін медицинаға арнаған азамат. Ол Қарағанды университетінде оқып жүрген кезінде–ақ жедел жәрдем фельдшері болып жұмыс істеген. Осы  уақыт аралығында медицина саласының қиындығын көріп, қалтқысыз қызметте шыңдалды. Жоғары оқу орнын тәмәмдағаннан кейін жас маман интернатурға түсіп, сәулелі диагностиканы зерттеуге ден қойды. Ал былтыр коронавирус кеулеген кезеңде ақ халатты абзал жан жұқпалы аурулар ауруханасында тынымсыз қызмет атқарды.

Илья КАНЕЕВ, сәулелік диагностика дәрігері:

- Дерт дендеген уақытта біз ұйықтамай, күндіз–түні жұмыс істедік. Дәрігерлер әрбір науқасты емдеу үшін барын салды. Ал мен қазір  Қарағанды медицина университеті клиникасының сәулелік диагностика дәрігерімін. Өйткені өзім Гиппократ антына адал маманмын. Барлық медцина саласының қызметкерлеріне мол табыс тілеймін.

Сан саласы даңғыл динамикамен дамыған Қазақстанда спортқа да  баса көңіл бөлінуде. Тағы бір Тәуелсіздік құрдасы Максим Фу. Спорт саңлағы таэквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ел қоржынына олжа салып жүрген оғылан жетістікке жетудің құпиясын бізбен былайша бөлісті.

Максим ФУ, таэквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

- Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өткелі отыр. Ел намысын абыроймен қорғау өзім үшін зор мәртебе. Мен тұғырлы Тәуелсіздікпен әрдайым мақтанамын. Әсіресе халықаралық жарыстарда көк туымыздың желбірегенін көргенде тұла бойымды асқақ рух кернейді.

Бүгінде спортшы 5 дүркін Азия чемпионы. Талантты сайыпқыран 5 мәрте  әлем кубогының иегері. Сонымен қатар Максим екі дүркін әлем чемпионы. Мығым білекті азамат таэквондомен бес жасынан бастап шұғылданады. Оны алғаш рет жаттығу залына ата–анасы алып келген екен. Талай жыл табандап төккен тердің арқасында шеберлігі шыңдалған саңлақ қазір балғындарды жаттықтырып жүр.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...