ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ТІРЕГІ. ТӘУЕЛСІЗДІК ЛЕНТАСЫ

12:59, 16 желтоқсан 2020

«Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел кітаптар сериясы» қоғамдық жобасы аясында Тәуелсіздік лентасының тұсауы кесілді. Бұл бастама Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған 21-ші жоба

Тәуелсіздік лентасын шығарудағы мақсат жастардың бойында ұлт тарихына деген қызығушылықты ояту мен құрметті қалыптастыру, тарихи жадыны жаңғырту. Онда қазақ тарихының айшықты тұлғалары, мемлекет және қоғам қайраткерлері - Мөде қаған, Керей мен Жәнібек, үш жүздің басын қосқан Абылай хан, ұлтымыздың Тәуелсіздігі үшін күресіп өткен Кенесары хан мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан бейнеленген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының картасы мен осы аумақта мекен еткен сақтардың Есік қорғанынан табылған Алтын адамы мен Түркі қағанатының Бөрілі байрағы суреттелген.

Нұржан СҰРШАҰЛЫ, Тәуелсіздік лентасының авторы:

-Лентада сақтар заманынан бастап Тәуелсіздік алған 1991 жылға дейінгі тарихымыз қайта жаңғыртылды. Лентаны шығарудағы  басты мақсат тарихи жады мен тарихи сананы жаңғырту, жастардың қазақ халқының тарихына деген қызығушылығы мен құрметін қалыптастыру.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар