ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ТІЛЕГІ ҺӘМ ТІРЕГІ

12:35, 14 шілде 2021

Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Сондықтан тарихи сананы жаңғырту қажет, - дейді белгілі тарихшы Темірғали Аршабеков

Әсіресе бұл – қазақтың сан ғасырлық шынайы тарихын әлемге танытудың бірден-бір жолы. Ал, ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Алайда  ұлт шежіресін дәріптеу тұрғысынан алғанда стратегиялық маңызы бар мәселе. Сондықтан Президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты маңызды мақаласында Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды дереу бастау керектігіне ерекше екпін беріліп отыр, - дейді белгілі тарихшы. Алайда тарихымыздың осы ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келеді. Тіпті, ғалымдардың арасында ашаршылық құрбандарының нақты саны туралы ортақ пайым жоқ. Түптеп келгенде тиісті тарихи құжаттарды, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерделеу керек дегенге саяды, өлкетанушының пайымы. Десе де Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады, - деді Президент өзінің ел газетінде жарияланған ой – толғамында.

Темірғали АРШАБЕКОВ, облыстық ғылыми - техникалық құжаттама жөніндегі архив директоры, өлкетанушы:

-Мақаланың негізгі тетігі – тарихи сананы қалыптастыру.Біз не себепті толық айта алмаймыз.Өйткені бізде тарихи сана жойылып кетті деуге болады.Тарихи сананы қалыптастыру үшін жан-жақты тарлан тарихымызды дәріптеу қажет.Айталық ата - бабаларымыз небір нәубет  қатерлерді басынан өткерді.Ғылыми зерттеудің бірнеше әдістері бар.  Сондықтан кешенді түрде қарастыруымыз керек.Ғаламторда ақпараттарды жариялағанда тарихи деректерге сүйеніп жариялау керек.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар