ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒАСУДА

16:53, 14 қазан 2021

Қарағандыда көрнекті сыншы Әшірбек Сығай атындағы театрлар фестивалі жалғасуда. Өнерсүйер қауым еліміздің әр өңірінен келген шығармашылық ұжымның қойылымдарын жоғары бағалауда. Бүгінге дейін 7 өнер ордасы өз спектакльдерін сахналап үлгерді. Көрермен ықыласына бұл жолы қандай қойылым ұсынылды?

Қайталанбас  образдар,  қызықты сәттер,  өзекті мәселелер. Режиссер Фархат Молдағали мен  қоюшы-суретші Алма Сыпбаева туындының ерекше, сәтті шығуы үшін тыңғылықты дайындалған. Кәсіби мүмкіндіктерін салған.  Толық адам қойылымының сюжеті қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың қара сөздеріне негізделген. «Толық адам» шығарма желісінде адамдардың теріс қылықтары, жаман қасиеттері сынға алынды.

Қазылар алқасы мүшелерінің сөзінше сахнада бар мүмкіндіктерін көрсеткен ұжымды бағалау да үлкен жауапкершік дейді. Кәсіби тұрғыда сауатты жасау, өзгелерден даралану да басты қағида  екенін айтады. Үздіктерді анықтау барысында әртістік шеберлік, көрерменге әсер қалдыру, осының барлығы ескеріледі дейді.

Айзат ҚАДЫРАЛИЕВА, театр сыншысы:

 - Спектакльдер әртүрлі жанрда трагедия, драма, комедия. Әр спектакльдің оңы болады, терісі болады. Ол үшін сарапшылар алқасы керек.  Сол сараптау үшін, яғни комиссия мүшелігінде бір жақсы нәрсе, сыншылардан құралған. Мысалы бізде 7 қазылар алқасында соның 5-уі  театр сыншыларынан тұрады.

Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры сахнасында   фестиваль басталғалы Ақтау, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Петропавл және Талдықорған  аймақтарының  шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.  Соңғы  көрсетілген  нөмір Мұхат Әуезовтің  «Қорғансыздың күні» шығармасы. Оны талдықорғандық  Бикен  Римова атындағы  драма театрының ұжымы  ұсынды.

Руслан СЕҢКЕБАЕВ, Талдықорған қаласы  Б.Римов атындағы драма театрдың директоры:

-Бұл спектакль ерекшелігі сонда, көп адам ойлады   Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күнін» қалай көрсетеді бұлар-деп?  Бұл өзі 1 беттік шығарма. Бұл 1 беттік шығармадан  1 сағаттық спектакль алып келдік.  Соны көрді.

Театрлар фестивалі 16 қазанға дейін жалғасады. Театрсүйер қауымды өзге өңірлердегі ұжымдардың  әлі 8  спектаклі күтіп тұр.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...