ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН БІРЛІК КҮНІ

18:40, 30 сәуір 2021

Қарағандыдағы Достық үйінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Дөңгелек үстел аясында өткен жиынға этно мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты

Биыл елдегі карантиндік ахуалға байланысты жылдағыдай дүбірлі жиын жоқ. Барлығы достық үйінде санитарлық талаптарды сақтай отыра облыс әкімі бастаған бірнеше этно орталықтың өкілдері қостаған бас қосу өтті. Алғы сөзді облыс әкімі алып бір шаңырақ астында бір атаның баласындай ғұмыр кешіп жатқан Қазақстан жұртшылығын бірлік күнімен құттықтады.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, облыс әкімі:

-Еліміздегі татулықпен достықты көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Қиын қыстау заманда әр ұлттың өкілдері табандылық танытып еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Еліміздің бірлік күні, татулықпен достық күні құтты болсын.

Жақында Нұрсұлтан қаласында Қазақстан халықы ассамблеясының 29 сессиясы «30 жыл бірлік,бейбітшілік және келісім» деген атаумен өткен еді. Бізідің аймақтан 26 адам шақырту алды. Соның бірі Вида Грейчуте.

Вида ГРЕЙЧУТЕ, «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысы аймақтық штабының мүшесі:

-Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы әрдайым кең ауқымда ашық форматта өткізіліп келеді. Сөз алған әрбір жеке тұлғалардың тарихы айтылады.  Бұл түптеп келгенде сіз бен біздің таңбаланып жатқан тарихымыз.  Еш кедергілерге қарамастан қойған мақсатыңа жету керексің. Жетеміз.

Дөңгелек үстел аясында өткен жиынға облыстың өзгеде қала аудандары онлайн форматта қосылды. Мәселен, Балқаш қаласында «Тазалық біздің айналамызда» атты арнайы акция өткізіліп көлдің жағалауын тазарту жұмыстарын жасаған.

Ольга ПОТАНИНА, «Возрождение» неміс орталығының мүшесі:

-Балқаш көлі туристеркөп  келтін ТОП ондыққа кіреді. Біздің президент экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және ішкі туризмді дамытуға үндеу жасаған болатын.  Бізді осы ой алға жетеледі. Арнайы акция ұйымдастырдық волонтерлер қолдап қол ұшын берді. Біздер қазір ерекше көңіл күйдеміз. Себебі, өзің өсіп өнген өлкеге пайдаңды тигізу үлкен мақтаныш.

Ал, Жезқазғандықтар қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Түрікмен этно мәдени бірлестігі  палау псіріп,  көп балалы және көмекке зәру жандарға таратты.

Увайс ДЖАНАЕВ, шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы:

- Биылғы бірлік күні Ораза айымен тұспа тұс келіп отыр. Ораза қабыл болсын.Барлық осы залда отырған жұрттың атынан Жезқазғандағы жерлестерді мерекемен құттықтаймыз. Еліміздің қалалары гүлденіп өркендей берсін.

Мерейлі мереке қарсаңында Осакаровка ауданындағы «Эльпида» этномәдени бірлестігінің өкілдері балалар үйіне теледидар тарту етті. Ал, Теміртауда 1 мамыр күніне орай Достық аллеясы ашылып көшеттер отырғызылды.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар