ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

11:44, 2 желтоқсан 2021

Талапты жастарға қолдау көрсетілді. Шахтинск қаласының әкімі кәсібін бастағысы келетіндерге қаржылай сыйлық берді. Игілікті іс тұңғыш президент күні мен ел егемендігінің 30 жылдығы аясында жүзеге асты

Шаһар әкімдігіндегі жиында алдымен мемлекеттік қызметте жүрген жас мамандар марапатталды.

Данагүл ЖИРЕНБАЕВА, Шахтинск қалалық прокуратурасының прокуроры:

-Мен үшін бұл алғыс грамотасының маңызы зор. Менің еңбегім еленгеннен алдым деп ойлаймын. Бізге артылған үмітті ақтауға тырысамыз. Бар күш-жігерімізді ел игілігіне арнаймыз.

Одан кейін өздерінің бизнес жобалары бар 15 болашақ кәсіпкер 1 миллион теңгеден әкім грантын алды. Біреуі көлік жөндейтін орын, енді біреуі жылыжай ашқысы келеді. Әкім грантын алу үшін жастар әуелі өздерінің бизнес жобаларын қалалық жастар ресурстық орталығына тапсырған. Грантты алған кәсіпкерге өз жоспарын жүзеге асыруға 3 ай уақыт беріледі екен.

Мақсат ТОҚАНОВ, әкім грантының иегері:

Сонымен қатар қала әкімі ҚР президентінің 2021 жылғы 1 қарашадағы № 684 жарлығы аясында Шахтинск қаласның әкімі 7 бала тәрбиелеп отырған Жадыра Бөрібаеваның кеудесіне  «Алтын алқа»  тақты.

Әскербек ХАЛТОНОВ, Шахтинск қаласының әкімі:

Грантты ұтып алған кәсіпкерлердің ісі дөңгелеп, жүріп кетсе, бұл қаланың әлеуметтік жағдайына оң әсерін берері сөзсіз дейді мамандар. Себебі бұндағы кәсіпкерлер кем дегенге 4-5 тұрғынды жұмыспен қамтымақ.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
17:24, 20 қаңтар 2022
ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
14:22, 17 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
Толығырақ...