ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ЕКПЕ АЛА БАСТАДЫ

11:45, 8 қыркүйек 2021

Такси паркінің жүргізушілері де екпе ала бастады. Парк қызметкерлері екпе алғандығы туралы құжатын көлік салонына жапсырды, бұл олардың вакцинацияланғанын растайды

«BAURSAK» таксопаркінің жетекшісі Ләззат Мұстафинаның айтуынша, қызметкерлерге вакцинация ерікті түрде жүргізіледі. Бүгінгі таңда жүргізушілердің басым бөлігі екпе алған. Жолаушылар тасымалымен айналысқандықтан тізгіншілерге бұл ауадай қажет екен. Вакцина алмағандар апта сайын ақылы түрде ПТР тест тапсырады екен. 

Ләззат МҰСТАФИНА, таксопарк  жетекшісі: 

-Бізге Қарағанды қаласы әкімдігінен адамдар келіп,  вакцинацияның тиімділігі туралы айтты. Содан кейін біз автосалонда вакцинацияланған барлық жүргізушілердің төлқұжаты болуы туралы шешім қабылдадық. Біздің клиенттеріміз  өзінің қауіпсіздігі туралы алаңдамауына болады.

Саламат Әкішевтің таксопаркте жүргізуші болып жұмыс істегеніне 5 жылдай уақыт болған. Ол екпені осыдан жарты жыл бұрын қабылдаған. Мен вакцинаны өз отбасыммен қоса, тасымалдап жүрген жолаушылар үшін қабылдадым, дейді ол.

Саламат ӘКІШЕВ, такси жүргізушісі:

-Мен  "BAURSAK" таксиінің  ресми фирмасында жұмыс істеймін. Адамдар қауіпсіздігі үшін қызмет атқарамыз. Олар жүргізушіге сеніммен қарауы тиіс.  Барлығын да вакцинациялауға шақырамын.

Такси жүргізушілері барлық карантиндік талаптарды сақтауда. Олар міндетті түрде бетперде киіп, қолдарын антисептикалық құралдармен залалсыздандырып отырады. 

 «BAURSAK» таксопаркінен қала жолаушыларын тасымалдау үшін күніне 500-ге жуық автокөлік жолға шығады. Екпе алмаған жүргізушілер арасында мекеме басшылығы тарапынан түсіндірме жұмыстарын жүргізу қолға алынған.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
11:34, 7 желтоқсан 2021
КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
 «БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
12:48, 3 желтоқсан 2021
«БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...