ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

СҰЛТАН ДОСМАҒАМБЕТОВКЕ ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

17:12, 9 шілде 2021

Қарағанды қаласының қақ ортасындағы Абай көшесі 4 –ші үйдің маңайында Мемлекет және қоғам қайраткері, Қарағанды қаласы мен облысының «Құрметті азаматы» Сұлтан Досмағамбетовке ескерткіш ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Жеңіс Қасымбек және зиялы қауым өкілдері мен Сұлтан Қапарұлының отбасы, туған-туыстары және қызметтестері қатысты.

Бой көтерген ескерткіштің жалпы салмағы 9 тонна. Ал, биіктігі 4 метрге жуықтайды. Қажырлы қайраткердің бейнесі қоладан құйылған. Тұғыртасы таза мәрмәрдан жасалған. Мүсінді дайындап әзірлеуге 1 жылға жуық уақыт кеткен.

Владимир ПРОЦЕНКО, Қазақстан суретшілер  одағының мүшесі, жоба жетекшісі:

-Мүсін тамаша салынды. Құю жұмыстары Ресйдің Екатеринбург қаласында жүзеге асты. Тұғыртасы таза мәрмәрдан жасалды. Алматылық шебер мүсіншілер мен суретшілер де қолдау көрсетті. Жоба сәтті жүзеге асты. Бұл Қазақстан бойынша теңдесі жоқ туынды.

Сұлтан Досмағамбетов  Көкшетаудың тумасы. Дегенмен бар саналы ғұмыры Арқа жерінде өтті. Еңбек жолы 1955 жылы Қарағанды тау-кен, кейіннен политехникалық институтта мұғалім болудан  басталды. Жаны жайсаң көрнекті тұлғаның өмір жолы одан әрі партия, Кеңес органдарында жалғасты.  Өткен ғасырдың 1963-82 жылдар аралығында Қарағанды  облыстық партия комитетінің екінші хатшысы одан кейін атқару комитетінің төрағасы қызметін абыроймен атқарды.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Сұлтан Қапарұлы Қарағанды облысы ғана емес, республика жұртшылығына танымал тұлға. Ол кісі аймақтың дамуына өзіндік үлесін қосты. Бүгінгі ескерткіш тарихи тұлғаға арналып ашылды. Құтты болсын.

Азаматы ардақталған шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин өзінің құттықтау жеделхатын жолдаған. 

Ерлан ДОСМАҒАМБЕТОВ, С.Досмағамбетовтің ұлы:

-Біздің отбасымыз бен туыстарымыз үшін ерекше қуанышты күн. Осы мүсін арқылы біз әкемізді еске аламыз. Ол кісінің Ел үшін халық үшін атқарған абыройлы да жемісті еңбегімен мақтанамыз. Бұл ол кісінің өткен ғасырдың 60-70 және 80 жылдардағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесімен де айшықталады.

Сұлтан Қапарұлымен қызметтес болғандардың бірі,  қоғам қайраткері Марат Райымбеков. Ол ел ағасының аймақтың  дамуына қосқан сүбелі үлесі өлшеусіз,-дейді

Марат РАЙЫМБЕКОВ, қоғам қайраткері, Қарағанды қаласының тұрғыны:  

-Халық депутаттары атқару комитетінің төрағасы болды. Мәслихат хатшысы болды. Бірнеше жастарды тәрбиеледі. Ордалы оқу орнын басқарды. Бүгін міне, лайықты тұлғаға арналып ескерткіш ашылды. Қуаныштымыз.

Сұлтан Қапарұлы бірнеше рет Қазақ ССР-і Жоғары кеңесінің және облыстық мәслихаттың депутаты болды. Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы қалыптасу жылдары Арқа жұртшылығының ерекше сеніміне ие болып, облыстық мәслихат хатшылығына сайланды. Ол өзінің абыройлы атқарған қызметі арқылы облыс тіпті Республика жұртшылығына танымал болды. Бірнеше рет орден медальдармен «Құрмет грамоталар» және «Алғыс хаттармен» марапатталды. Марқұм көзі тірі болғанда биыл 93 жасқа толар еді.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...