СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ БАР 129 УЧАСКЕ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

16:30, 22 ақпан 2021

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 750 мың текше метр қар шығарылды. Автомобиль және теміржолдардың су тасқыны қаупі бар 129 учаскесі бақылауға алынды. Су тасқынына дайындық жұмыстары туралы өңір әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте ТЖД бастығы айтып берді

ТЖД бастығы қала мен аудан әкімдерінен арықтар мен нөсер кәріздерінің жағдайына ерекше назар аударуды сұрады. Ол жеке сектор тұрғындарын қар еру кезеңі басталғанға дейін өз аулаларын және су өткізетін арықтарды қар мен қоқыстан тазартуға шақырды.

Мұрат ҚАТПАНОВ, ТЖД бастығы:

-Өткен жылдардағыдай азаматтық қорғау күштері мен құралдары іске қосылатын болады. Бұдан басқа, инженерлік, жоғары өтімді және су сорғыш техниканың 20 бірлігімен күшейтілген 100 адамнан тұратын жиынтық топтама құрылды. Осының барлығы ең күрделі учаскелерге жедел бағытталатын болады.

Негізгі су қоймаларында санитарлық ағызу жұмыстары жүргізілуде. Қазгидрометтің мәліметінше, қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашынның салдарынан Нұра мен Шерубай-Нұра бассейндеріндегі су қоры нормасынан 22-29%-ға артқан. Қазіргі уақытта күрделі учаскелерде жарылыс жұмыстарын жүргізуге конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Барлық әкімдер мен су тасқынының қауіпсіз өтуіне жауапты басшыларға күштер мен құралдардың жоғары дайындығын, материалдық-техникалық құралдардың қажетті қорын қамтамасыз етуді тапсырамын. Су тасқыны кезеңінің өтуі көбінесе ауа райына ғана емес, дайындық деңгейіне де байланысты.

1 наурыздан бастап ТЖД-ға күн сайын қар жамылғысының космомониторингі туралы мәліметтер жіберілетін болады. Республикалық маңызы бар автожолдарда су өткізу құбырлары мен көпірлерді тазарту жұмыстары басталды. 1 наурыздан бастап жергілікті маңызы бар жолдар мен теміржолдар тазаланады.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
15:35, 24 ақпан 2021
БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...